«Дикий Арманмен» жоспар құрды деген депутат не болғанын айтып берді
Видеодан алынған кадр
2 қаңтар күні сұйытылған газ бағасына қатысты басталған бейбіт шеру Қазақстанның бірнеше қалаларында жалғасты. 5 қаңтарда Алматының орталық алаңында да наразылық шеруі өтті.
«Дикий Арман» лақап атымен танымал Арман Жұмагелдиев халық алдына шығып, жиналғандарды өзіне қаратуға тырысты. Бірақ қаумалап, шулаған жұрт оны тыңдамады. Әлеуметтік желілерде Арманның сөзін тыңдамаған азаматты теуіп жіберген сәті де жария болды.
Бейнежазбадан қонақүйде жиналған сәтте Арман Жұмагелдиевтің қасынан Қайрат Құдайбергенді байқауға болады. Әлеуметтік желілерде «депутатты тергеу керек» деген пікірлер жазылып жатыр. Осыған байланысты Қайрат Құдайберген Instagram парақшасында жазба жариялап, алаңда не болғаны туралы айтты.
– Қазақтың жақсы сөзі бар: «Ақты ақ, қараны қара деген ұтады». Осыдан 5 күн бұрын құқық қорғау органдары елде аты шулы Арман Жұмагелдиевті (лақап аты «Дикий Арман») қамауға алды. Арман туралы бұрын естігенмін, инстаграмда да парақшасы «рекомендованные»-дан жиі шығып тұратын, бірақ онымен таныс болмадым. 6 қаңтар күні күндіз Арманмен бірінші рет тәуелсіздік алаңында кездестік және бірге тұрып адамдарды сабырлыққа, провокацияларға берілмеуге шақырдық. Ол адамдарды тек бейбітшілік митингке, үкіметпен сөйлесуге шақырды. Бірақ провокаторлар пайда болып оны алаңнан басқа жағына алып кетті, мен тұрған орнымда қалдым. Қасыма елдің ішінде жүрген бірнеше жігіттер келіп: «Аға, мына жердегі провокаторлар сізді өлтіріп кетуі мүмкін сізді көлігіңізге дейін шығарып салайық» деді. Оларға мың да бір рахмет! Мен үйге барып, киім ауыстырып алаңға қайта шықтым. Интернет жоқ. Уатсап істемейді. Бауырларыма қоңырау шалып дружинаға 70-тен аса жігіттерді жинадым, оларға @azamat.ospanov.k бауырымның тепсе темір үзетін 30 дай спортсмен достары қосылды. Оны естіген Арман бауырымыз жақсылықта басымыз бір болсын деп өзінің жүзден астам жігіттерімен келді.
– Осы 200ден астам батырлармен, митингте жүрген адамдардың беттерін бұру үшін, қайта алаңға шықтық. Алаңда адамдарды сабырлыққа, мейірімділікке, бейбітшілікке шақырған кезде, провокаторлар Арманға бутылка, таяқ, тас лақтыра бастады. Мені таныған ел өзі басқа жаққа алып кетті, ал Арманды аямай сабады, біреу арттан келіп таспен басын жарды. Одан кейін Арманның жігіттері (оның арасында біздің де еріктілер бар) емханаларды қорғауға алды, тегін азық-түлік таратты, мародерлерді ұстады. Арманның қандай қылмыстар жасағанын мен білмеймін, бірақ бұл ситуацияда өзін ер ретінде көрсетті. Бұл жазбаны шығармай тұрып маған көп адам хабарласып, сен депутатсың ғой, ал Арман «криминальный авторитет», қазір сен оның ОПГсында барсың деп өзіңе де жала жабады, онымен сөйлесе берме, деп маған ақыл айтқан. Бірақ қазағым «Жақсының жақсылығын айт, мейірі тасысын, жаманның жамандығын айт, құты қашсын» деп бекер айтпаған. Сол себептен көргенді ешбір қорықпай және саясатты қоспай ашық айтып отырмын! Намысты, жігерлі қазақтың батырлары көп болғай! – деп жазды Қайрат Құдайберген.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық