«Дикий Арман» құрған қылмыстық топтың екі мүшесі ұсталды
Фото: polisia.kz
7 ақпанда Алматы және Шымкент аумағында ІІМ ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес бөліністерінің қызметкерлері ұзақ уақыт бойы қылмыстық қудалау органдарынан жасырынып жүрген Қаңтар оқиғасының екі қатысушысын ұстады.
Олар Жұмагелдиев ұйымдасқан қылмыстық тобының мүшесі екені белгілі болды.
«Ұсталғандардың бірі Самат Әмірбаев 2022 жылы Шымкентте кісі өлтіруге және сол қаланың басқа тұрғынына қатысты өзінше билік етуге қатысы бар деген күдікке ілінді. Ол Түркістан облысы аумағында ұсталды. Оның кісі өлтіру фактісі бойынша сыбайластарының бірі 16 жылға сотталып, қазіргі уақытта бас бостандығынан айыру орнында жазасын өтеп жатыр. Ұйымдасқан қылмыстық топтың екінші мүшесі Алматы әуежайында шекаралас елден келгеннен кейін ұсталды. Онда ол Қазақстанның құқық қорғау органдарынан жасырынған. Ұсталған адамдар уақытша ұстау изоляторына қамалды», - деді ІІМ ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес департаментінің басқарма бастығы Қуандық Алпыс.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық