«Дикий Арман» қаңтар оқиғалары кезінде 24 бейбіт тұрғынды ұрлап, 1 адамды өлтірді – Бас прокуратура
«Дикий Арман» деген лақап атпен танымал Арман Жұмагелдиевтің қылмыстық тобының мүшелері 24 бейбіт тұрғынды ұрлап, күштеп ұстаған.
Бұл туралы арнайы прокурорлар қызметінің басшысы Ризабек Ожаров мәлімдеді.
Арнайы прокурорлар қызметі басшысының айтуынша, бүгінде ұйымдасқан қылмыстық топтың 18 мүшесі ұсталды, 21 адамның адам өлтіру, ұрлық және тонау бойынша соттылығы бар.
– Олардың арасында «Жабайы Арман» деп аталатын Жұмагелдиев пен оның тобының мүшелері бар. Мен бұл айыпталушыға жеке тоқталамын.
Оның қарулы адамдары кездейсоқ өтіп бара жатқан адамдардың арасынан 24 бейбіт тұрғынды ұрлап, күштеп ұстады. Оларды алдымен бір жерден екінші жерге апарып, ұрып-соғып, нәтижесінде бір адам қаза тапты. Сонымен қатар, қарақшылар бұған дейін 12-ші қалалық ауруханада қатты соққыға жығылған полицейдің қызметтік қаруын алып кеткен, – деді Ризабек Ожаров Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында.
Оның айтуынша, аталған фактілер бойынша қылмыстық істер тергелуде.
– Әлеуметтік желілерде және мессенджерлерде Жұмагелдиев босатылды немесе белгісіз жаққа жеткізілді деген түрлі болжамдар мен жалған ақпараттар таралуда. Іс біріктіріліп, қосымша тергеу үшін бізге – арнайы прокурорларға жіберілді. Біз оны ҰҚК уақытша ұстау изоляторына ауыстырдық. Ол сонда қамауда отыр, – деп қосты Арнайы прокурорлар қызметінің басшысы.
Еске салайық, Жұмагелдиевтің ұсталғаны 7 қаңтарда белгілі болды. Ол бес адамнан тұратын қылмыстық тобымен бірге Алматыда арнайы операция барысында ұсталды. Ұстау кезінде күдіктілерден әртүрлі маркалы және калибрлі төрт жартылай автомат, оқ-дәрі, суық қару және брондалған көлік тәркіленді.
«Алдын ала мәлімет бойынша, ол өткен жылдың желтоқсан айында шетелден келген және 5-6 қаңтардағы белгілі оқиға кезінде Алматыда болған. Оның келу мақсаты мен қару-жарақтың бар-жоғын жедел-тергеу тобы тексеретін болады» деді Ішкі істер министрлігі.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық