Дер кезінде ота жасағанда Шерзатты аман алып қалуға болар еді — сарапшы
Фото: instagram/ justice_for_sherzat
Қоғамды дүр сілкіндірген 16 жастағы Шерзат Полаттың өліміне қатысты сот отырысы өтіп жатыр. Талдықорғандағы сотқа Orda.kz тілшісі қатысып, тікелей ақпарат таратып отыр. Бүгін сарапшылар дер кезінде медициналық көмек көрсеткенде Шерзатты аман алып қалуға болатынын айтты.
Сарапшының айтуынша, егер Шерзат Полатқа дер кезінде шұғыл медициналық көмек көрсетіліп, ота жасалғанда оның өмірін сақтап қалуға болар еді.
Сараптама қорытындысына зер салсақ, өлімге себеп болған — көкірек қуысына сұғылған пышақ жарақаты. Пышақ сол жақ жауырынның астынан, бесінші және алтыншы қабырғаның арасына кіріп, көкірек қуысына өткен. Мұндай жарақат — адам өміріне аса қауіпті саналады.
Бұдан бөлек, марқұмның сол жақ көзінің астына соққыдан қан құйылып, ұйып қалғаны анықталған. Мұндай жаралар саусақ арасында және бастың кей тұстарында да байқалған. Алайда сот-медициналық сарапшысының айтуынша, марқұм бұл жарақаттардың әсерінен емес, дәл пышақ жарақатынан көз жұмған.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық