Депутаттар астананың атын өз қаражаттарына өзгертуге дайын
Мәжіліс депутаты Айдос Сарым елорданың атын өзгертуге кеткен шығынды өз қалтасынан төлеуге дайын.
Кейбір қазақстандықтар бұл жолы елорданың атын өзгертуге байланысты шығындарды депутаттар көтеру керек деген пікірде. 2019 жылы пломбаларды, маңдайшаларды, бланктерді ауыстыруға 30 млн теңге жұмсалды. Бұл соманы барлық депутаттарға бөлетін болсақ, әрқайсысына 200 мың теңгеден шығады.
— Егер ынтымақты шешім қабылданып, осындай шұғыл қажеттілік туындаса, мен жеке өзім дайынмын,- деді Айдос Сарым Парламент отырысында.
Депутат Наталья Дементьева да «қаражат қосуға» қарсы емес.
— Егер бұл қажет болса, менің ойымша, ода тұрған ештеңе жоқ,- деді ол.
Айта кетсек, 2019 жылы депутаттар Қасым-Жомарт Тоқаевтың қалаға тұңғыш президенттің есімін беру туралы бастамасын қолдаған кезде Сарым мен Дементьева парламентте болмаған.
— Мен екінші жыл депутатпын, менің алдымда болған оқиғаға жауапты бола алмаймын. Тарихи сәттерді, атап айтқанда, Нұр-Сұлтан болып өзгертілген 2019 жылды саралай келе айта аламын, бұл сол кездегі үрдіс, сондай рухани серпін болды,- деді Дементьева.
Елорданың атын өзгертуге байланысты шығындар жергілікті бюджет есебінен өтеледі. Депутаттардың айтуынша, цифрлық құжат айналымына көшуді ескерсек, бұл жолы шығын аз болады.
— Қазір барлығы цифрлық жүйеге көшті. Сондықтан мұны орынсыз шығындар деп айтудың мағынасы жоқ деп ойлаймын. Бұл жолы шығын аз болады,- деп сенім білдірді Дементьева.
Парламент Қазақстан Конституциясына астанаға бұрынғы атауын қайтаруды және президенттік өкілеттік мерзімін өзгертуді көздейтін түзетулерді қабылдады. Олар президентке қол қоюға жіберілді.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық