Депутат премьер-министрдің отставкаға кету керектігін айтты
Мәжіліс депутаты Жұлдыз Сүлейменова Қазақстан премьер-министрі Әлихан Смайылов отставкаға кету керек деп есептейді.
Бұл туралы депутат журналист Нартай Аралбайұлының YouTube-арнасына берген сұхбатында айтты.
– Мемлекет басшысы жақсы сын-пікірін айтты. Менің ойымша, бүгінгі таңда министрлердің ауыс-түйісі болды. Бірақ, түбегейлі үлкен ауысуды біз Конституция аясында Мәжіліс сайлауынан кейін күтеміз. Мәжіліске сайлау енді басталайын деп жатыр. Біз үкіметімізді тарқатып алып, Мәжіліс сайлауын бастасақ, бұл қоғамдық жағынан дұрыс емес. Оған өзінің жіберген қателіктерін толыққанды түзеуге мүмкіндік беру керек. Бір жарым айда жаңадан келген үкіметке заң аясында мүмкіндік беріп, заңды орындауымыз қажет. Мен солай ойлаймын, – деді депутат.
Сонымен қатар, ол үкіметтен бөлек премьер-министр Әлихан Смайыловқа қатысты және оның отставкасын қолдап сөз қозғады.
– Жеке өзім айтатын болсам – біз Алматы қаласындағы спорт мектебінің жабылмауына қатысты мен, депутат Нұрымова, депутат Авершин сауал жолдадық. Сол сауалға премьер-министрдің өзі «жабылмайды» деп жауап берді. Бірақ, бүгінгі таңда олай болмай тұр. Әлі де мектепте сабақ басталған жоқ, әлі де лицензиясы қайтарылған жоқ. Осы фактордың өзі менің ол кісіге сенімімді арттырмайды, – деді Сүлейменова.
Журналистің « Демек қалдырмау керек деп есептейсіз бе?» деген сұрағына ол «Иә» деп жауап қайтарды.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық