Депутат Бас прокуратурадан «АрселорМиттал Теміртауды» тексеруді сұрады
«Аманат» фракциясынан сайланған Мәжіліс депутаты Ерлан Сайыров «АрселорМиттал Теміртау» 12 жергілікті компанияға 700 миллион теңгеге жуық қарыз екенін айтты.
Бұл туралы Мәжіліс депутаты Ерлан Сайыров депутаттық сауалында айтты.
«Тек Теміртау қалалық кәсіпкерлік және қызмет көрсету саласы қызметкерлерінің кәсіподақ ұйымының мәліметіне сүйенсек, «Арселлор Миттал Теміртау» серіктестігі жергілікті 12 кәсіпкерге 700 миллион теңгеге жуық қарыз. Шындығында қазақстандық фирмалар алдындағы қарызы он есе көп», – дейді Сайыров Бас прокуратураға жолдаған депутаттық сауалында.
Оның айтуынша, «АрселорМиттал» жеткізілген тауарлар мен көрсетілген қызметтер үшін төлемді кешіктіру арқылы қазақстандық бизнес есебінен тегін несиелеудің зиянды тәжірибесін дамытқан.
Қазір бұл компания үкіметке жеткен көптеген шағымнан кейін де көп жылдар бойғы қарыз өтеу кестесін жасамай отыр», – деп қосты депутат.
Ол сондай-ақ мердігерлік ұйымдарда жұмысшылардың жаппай кетуі байқалып жатқанын, өйткені қазақстандық кәсіпкерлер жұмыс беруші ретінде өз міндеттемелерін бұзбай, жұмыс орындарын сақтап қалуға тырысып, жалақы төлеу үшін несие алуға мәжбүр екенін айтты.
«Лакшми Миттал түрлі қитұрқылар арқасында Қазақстанның ұлттық меншігін ешбір қиындықсыз, бекер алғаны белгілі. Зауыт мүлкі оған берілгеннен кейін барлық қарыздар «Қармет» мекемесінде қалды. Нәтижесінде көптеген жеткізушілерді 90-шы жылдардағы дәстүр бойынша «лақтырып» кетті», – деп жазды Сайыров.
Оның пайымдауынша, жеткізуші кәсіпкерлер дәл осындай жағдайдан қорқады. Сондықтан депутаттар жеткізушілер алдындағы берешегін қасақана төлемеген «АрселорМиттал Теміртау» компаниясын тексеруді Бас прокуратурадан сұрап отыр. Сондай-ақ аталған компаниялардың тауарлары мен қызметтерін, отандық жеткізушілер мүдделерін үкімет деңгейінде қорғау сұралды.
Әйтпесе, Сайыровтың айтуынша, жұмыссыздар армиясының көбейіп, әлеуметтік шиеленістің күшею қаупі бар.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық