Депутаттыққа үміткер жас қыздарға интимді хаттар жазамын деп, басы дауға қалды
Фото: Ашық дереккөзден
Желіде танымал әнші Нұрлан Еспановтың ұлы Олжас Еспанов белгісіз қыздарға интимді хаттар жазды деген мәлімет тарады, деп хабарлайды Orda.kz порталы.
Оның жазған әңгімесі әлеуметтік желіде, дәлірек айтсақ Tik Tok платформасында таралып кетті. Тараған ақпаратқа сүйенсек, ол белгісіз бір қызға жыныстық қарым-қатынасқа үгіттеген сөздер жазған. Осыдан кейін Олжас Еспановтың парақшасы бұғатталған. Желіге жазбаларды жүктеген қыз да видеоны өшіріп тастаған.
Желі қолданушыларының пікірі екіге жарылды. Бірі «Қателеспейтін адам жоқ, періште емес қой», «Әлі жас, ақыл тоқтатсын» деп қолдау білдіріп жатса, кейбірі «Атың шықпаса, жер өрте», «Қарындастарыңа осылай жазса қалай қарайсың?» деп сөкті.
Дауға қалған жігіттің әкесі, әнші Нұрлан Еспановқа хабарласып мән-жайды білейін десек, телефоны бірнеше күннен бері сөндірулі. Әлеуметтік желіде де әзіргіе ешқандай мәлімдеме жасаған жоқ.
Айта кетейік, Олжас Еспанов таяуда өзінің басынан өткерген оқиғасын арқау етіп, «Ол – жас махаббат» кітабын жарыққа шығарған еді.
Одан бөлек, 2020 жылы Олжас Еспанов Нұр Отан партиясының атынан депутат болуға үміткер ретінде праймеризге қатысты. Сондай-ақ, ол 2018 жылы IQ Kazakhstan ұйымының арнайы тестілеуіне қатысып, ең ақылды деп табылған 30 адамның қатарына енді.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық