Депутаттың ұлы 15 жастағы баланы көлікпен қағып кеткен
Ақтөбе қаласында жоғары жылдамдықпен келе жатқан көлік 15 жастағы мектеп оқушысын қағып кеткен. Марқұмның жақындары кінәлілер тиісті жазасын алсын дейді.
Астана телеарнасының хабарлауынша, 3 желтоқсан күні кешке әпкесінің үйіне кеткен марқұм Әділеттің жақындары оның өліміне әлі сене алмай отыр.
Белгілі болғандай, жалғызбасты ана Нұрзаданың екі баласы болған, оның кенжесі – Әділет.
Анасының айтуынша, 10-сыныпта оқыған Әділет информатикадан түрлі олимпиадаларға қатысып, ІТ маманы болуды армандаған.
Қан жұтқан ана баласының өліміне кінәлілер жазадан жалтарып кете ме деп қорқады.
«Көліктен түскенде, ол адам жасаған ісіне өкінбеген де, телефонын алып біреуге хабарласа бастаған. Тіпті жанына да бармапты. «Жас бала жүгіріп шықты, қазір есін жинап, тұрып кетеді» деген екен. Тиісті жазасын алып, қамауға алынса деймін» деді марқұмның анасы Нұрзада Ашибаева.
Жол апаты қала орталығында орын алып, видеоға түсіп қалған. Артынша әлеуметтік желі де тарап кеткен.
Куәгерлердің айтуынша, екі көлік жарысып келе жатқан. Көлік жоғары жылдамдықта жасөспірімді қағып кеткен. Соққыдан баланың аяқ киімі ұшып кеткен. Анасы оны шұлығынан танып қойған.
Марқұмның жақындары көлікті облыстық мәслихат депутатының ұлы тізгіндегенін айтты.
«Анасы қазір ештеңе айта алмайды. Жалғыз ұлынан айырылды. Көлік жүргізушісінің туыстары апат күні де, жерлеуіне де келді. Әзірге жүргізушіні кешіре алмаймыз. Жиенім оқиға орнына барып, сұрастыра бастағанда ол балаларға жолдан өтуді үйрету керек деп айтыпты» деді Әділеттің әпкесі.
Қазір ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталған.
«Көлік жүргізушісі Ақтөбе қаласы полиция басқармасының уақытша қамау изоляторына қамалды» деді Ақтөбе облысы баспасөз қызметінің басшысы Ерболат Сарқұлов.
Жүргізушінің кінәсі дәлелденсе, ол бес жылға сотталуы мүмкін. Бірақ марқұм Әділеттің анасы кінәлілер жеңіл жазамен құтылып кете ме деп қорқады. Ол енді Президенттен көмек сұрауға ниетті.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық