Депутаттар Желтоқсан оқиғасын ресми деңгейде атап өтуді ұсынды
Фото: bilim-all.kz
Биыл желтоқсан оқиғасына 35 жыл толады. Осыған орай «Ақ жол» демократиялық партиясының депутаттары Желтоқсан оқиғасының 35 жылдығын ресми деңгейде атап өтуді ұсынды.
Бұл туралы Orda.kz хабарлайды.
– Желтоқсан көтерілісі – ұлт азаттық көтеріліс ретінде танылып, бағалануы қажет. «Ақ жол» демократиялық партиясы ұлттық ұстаным жолында қашанда қайрат көрсетіп келеді. Біздің Ұлттық тарихымызда әлемге әйгілі Желтоқсан көтерілісінің орны ерекше! 1986 жылы әлемдік алпауытқа айналып тұрған қаһарлы Кеңес империясынан теңдік сұрап, Азаттық үшін алаңға шыққан көтеріліске биыл 35 жыл.
– Жетпіс жылдық тас бұғау да жігерін жасыта алмаған, ұлттық намысын тұншықтыра алмаған Қазақ жастары алаңға шыққан күн - Тәуелсіз ел үшін ең қастерлі күндердің бірі болуы тиіс! Қазақ жастары қылышынан қан тамған кеңес империясына қарсы алаңға жан үшін шыққан жоқ, нан үшін шыққан жоқ, Намыс үшін шықты! Пұл сұрап шыққан жоқ, Тіл сұрап шықты! Жоғалып бара жатқан Ұлттық Рухтың атойлап, алаңға шыққан аттаны еді бұл! Әлемге әйгілі ақынымыз, қаһарман қайраткер, мұзбалақ Мұқтар Шаханұлы сол бір қиын кезеңде Желтоқсан ақиқатын Мәскеуде әшкерелеп, Кеңес одағынан әділдік талап еткен еді. Ал енді бодандықтан Бостандыққа қол жетіп, Тәуелсіздігімізге 30 жыл толып отырғанда, өз елімізде сол әділдік орнады ма? Қазақ жастары қызыл қанын төгіп жүріп, Қызыл империядан талап еткен Ұлт мүддесі қазір Тәуелсіз Қазақ елінде қорғалып жатыр ма?, -деп жазды Қазыбек Иса.
Оның айтуынша, мыңдаған жастардың аяусыз жазаланып, қудалануы да, бұл жай оқиға емес, нағыз көтеріліс болғандығының айқын белгісі.
Жаңалықтар
- «Құрылыс жұмысын жасатқан»: Оқушыны өзін-өзі өлтіруге дейін жеткізген 3 адам сотталды
- АҚШ әскери-теңіз күштері Ормуз бұғазындағы миналарды іздеуге кірісті
- Түрік сериалдарының жұлдызы Бурак Дениздің есірткі қолданғаны белгілі болды
- Жетісуда 23 жастағы дзюдошы қыздың өлімі: Дәрігерлер кінәлі ме?
- Қазақстанда цифрландыру мен AI жылы: Тоқаевтың мәлімдемесі
- Алматыға Enrique Iglesias пен Deep Purple келеді: Ал Eminem мен Shakira ше?
- Құпия жерде бой тасалаған: Қарағанды облысында 5 жыл бойы іздеуде жүрген қылмыскер ұсталды
- Мектептерде мазмұндама, шығарма және диктант жазу қайта енгізіледі
- Алматы қаласында алып ағаш құлап, көшені жауып қалды
- Шымкент әуежайында FlyArystan ұшағы итті қағып кетті
- Роза Рымбаева екі ұлынан бөлек тағы екі қызының бар екенін мәлімдеді
- Иранда барлық оқушылар мен студенттер қашықтан оқиды
- Қостанайда блогер қатысқан төбелес: Полиция қылмыстық іс қозғады
- 44 градусқа дейін күн ысиды: Мамыр айына арналған ауа райы болжамы
- «Атырауға көп ақшамен барады»: Ұзату жайлы жазба желіні дүр сілкіндірді
- Құрамында ветеринар дәрігерлер де бар: Ұзақ уақыт бойы мал ұрлап келген қылмыстық топ ұсталды
- Оқиға орнында қаза тапты: Әскери бөлімдердің бірінде сарбаз қаза тауып, екіншісі жараланды
- Шымкентте «алма бақтары» арқылы 430 млн теңге жымқырылған
- Екібастұзда дәрігер мен медбикені екі мас адам соққыға жықты
- FlyArystan Дубайға ұшатын рейстерін жаз бойы тоқтатты