Депутаттар сарапшылар мен коучтарды жөнге салмақ
фото: envato
Депутаттар ешқандай біліктілігі жоқ коучтар мен «сарапшылар» қызметін реттейтін заңнамалық нормаларды қабылдауды ұсынды, деп хабарлайды Orda.kz.
2024 жылы қазақстандықтардан сапасыз білім беру қызметтері бойынша шағымдар саны 600-ден асты. Көптеген адамдар «миллиондаған табысқа» сеніп, үлкен қаражат жұмсайды, кейде несие алып, бірақ соңында ештеңе алмай қалады. Мәселені мәжіліс қабырғасында депутат Динара Наумова көтерді
«Қазақстанда осы саланы реттейтін нақты заңнамалық шаралар жоқ. Кез келген адам өзін коуч деп атап, іс жүзінде ешқандай нәтиже бермейтін курстарын сатады. Салдарынан тұтынушылар мен адал мамандар зардап шегеді», — деп мәлімдеді мәжіліс депутаты.
Депутат бірнеше шараларды ұсынды. Олардың ішінде — коучтарды міндетті сертификаттау және аккредиттеу, білікті мамандар тізілімін құру, сондай-ақ осы саладағы қызметті реттейтін заңнамалық норма қабылдау.
«Көптеген елдерде мамандарды сертификаттау процесі қатаң бақыланады. Бұл алаяқтық қаупін төмендетеді және азаматтардың сенімін арттырады. Қазақстанға да осындай механизмдер қажет», — деді ол.
Тұтынушылар құқықтарын қорғау комитетінде де бизнес-тренингтер нарығын реттеу қажеттілігі көтерілген болатын. Бұл салада әзірге нақты заңнамалық шешім жоқ.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық