Депутаттар мен шенеуніктер тегін маскалар туралы не ойлайды
15 қыркүйек Мәжіліс депутаттары тегін маска тарату туралы бастаманы көтеріп, соған қатысты ойларымен бөлісті.
Бұл туралы Orda.kz хабаралады.
Мәжіліс депутатының көмекшісі Дәурен Пернеев мемлекет тегін вакциналар үлгісінде халықты тегін медициналық маскалармен қамтамасыз етуі керек деп санайды. Сонда адамдар маскаларды бірнеше ай қолданбай, ауыстыратын болады.
- Білуімше, бір коронавирусқа қарсы вакцина шамамен 25 мың теңге тұрады. Маска бағасы шамамен 25 теңге. Яғни, бір вакцинаның құны мың маскаға тең. Мен мұны екпеге қарсы болғандықтан айтып тұрғаным жоқ, керісінше, оны құптаймын. Бірақ мемлекет мұндай соманы вакцинаға қиғанда, тегін маскаға да қиса артық етпейді, - деді Пернеев.
Қазақстандықтардың бір бөлігі ақшаны үнемдеуге тырысып, қаржылық проблемаларға байланысты екі сағат сайын бетперде ауыстыруға қаражаты жетпейді. Пернеевтің айтуынша, маскаларды тегін тарату оны дұрыс қолдану мәдениетін қалыптастырады:
- Естуімізше, адамдар бір масканы бір ай тағады. Одан көп болмаса. Біз маскаларды жуып, қайнатып жатқанын көреміз. Бұл ақылға қонымсыз. Масканы қалай дұрыс қайнату керектігі туралы видеолар да шығып кеткен.
Мәжіліс депутаты Ирина Смирнова бұл бастаманы қолдады, бірақ оны жүзеге асыру мүмкін емес деп санайды:
Қазақстан - өте бай мемлекет, тек масканы емес, көп нәрсені тегін қылуға болады. Бірақ жемқорлық бұған жол бермейді.
Мәжілісмен Ғазиз Құлахметов маскаларды тек гуманитарлық көмек немесе қайырымдылық ретінде таратуға болады деп есептейді:
- Бір реттік медициналық маскалар бюджет есебінен тегін таратылмайды. Бұлай істелсе де, тегін маскалар әр адамға жететініне күмәнім бар. Тегін маскалар арам адамдардың қолдарына түсіп, сатылып кетпейтініне ешкім кепілдік бермейді.
Тағы бір депутат Аманжан Жамалов бұл бастаманы жүзеге асыруға болады деп санайды. Оның айтуынша, бетперде таратуды қоғамдық орындарда, мысалы, автобустарда бастау керек.
Шенділер не дейді?
Әкімдіктер медицина қызметкерлері тегін маскамен қамтамасыз етілгенін айтты. Олардың азаматтарға тегін таратылуына келетін болсақ, бұл мәселені Денсаулық сақтау министрлігі көтеруі керек.
- Барлық маскаларды тегін тарату Денсаулық сақтау министрлігінің мойнында, - деп жауап берді елорда әкімдігінде.
Маңғыстау облысының әкімдігі аймақта маскаларды тегін таратуға болатынына күмәнмен қарады: «Бюджетте қарастырылмаған. Біз құрғақшылықпен күресіп жатырмыз».
Түркістан облысының әкімдігі вакциналауға байланысты уақыт өте келе бетперде кию қажеттілігі жойылады деп үміттенеді.
Авторы: Махамбет Абжан
Аударған: Айнура Дарибаева
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық