Депутат жөндеу көрмеген тас жолдар мәселесін көтерді
Фото: Ашық дереккөзден
Мәжіліс депутаты Қарақат Әбден кеңестік кезеңнен күрделі жөндеу көрмеген Қызылорда-Жезқазған тас жолының мәселесін көтерді, деп хабарлайды Orda.kz порталы.
«Қызылорда-Жезқазған, Қарағанды-Жезқазған тас жолдарының «жыры» таусылар емес. Мысалы, қазір көктем уақытында құрылыстың нағыз қызатын әрі қолайлы уақыты. Жобалық-сметалық құжаттамамен айналысып жүргенде, жол салудың маусымы тағы да өтіп кетеді. Қызылорда-Жезқазған жолының жайы маған бала кезден таныс. Бұл мәселе сол кезде өзекті еді, қарап тұрсаңыз, қанша жыл өтсе де, «баяғы жартас – сол жартас» болып тұр», - дейді депутат.
Депутаттың сөзінше, Жезқазған - Қызылорда тасжолы бойынша мердігер компаниялардың әлі бағаланып жатыр. Құжаттардың рәсімделуі «Госэкспертиза» мен «ҚазАвтоЖол» арасында жүр. Ал Жезқазған - Қарағанды тас жолында мердігерлік компаниялар әлі қарастырылып жатыр. Демек, жолдың қашан жасалатыны беймәлім.
«Жезқазған-Қарағанды тасжолы кеңестік кезеңнен күрделі жөндеу көрмеген, жиектері әбден мүжіліп, тарылып барады. Міне, содан бұл жол «қанды жер» аталып кеткені баршаға аян. Дәл осы жолда 2023 жылы 129 жол-көлік оқиғасы тіркеліп, 167 адам дене жарақат алған, 37-сі қаза тапқан. Ал биылғы екі айда 23 жол-көлік оқиғасы болып, 37 адам жарақаттанып, екі адам мерт болды. Тас жолдың «жыры» таусылғанша, әлі қанша жан тауқымет тартады?» - деді мәжілісмен.
Ол үшінші құрылтай өткенде президент Қасым-Жомарт Тоқаев: «Жол салу және оны жөндеу жұмыстары экономиканың дамуына тың серпін береді» деп атап көрсеткенін тілге тиек етті.
«Жол болмаса, қандай серпін, қандай даму болады? Жолымыздың түрі анау болса, қандай қарқынды экономика, қандай табысты туризм күтеміз? Халықтың әл-ауқаты осы жолға байланысты. Облысаралық жолдардың сапасыздығы өңірдің дамуына, инвестицияның тартылуына кедергі, сондай-ақ жол тасымалының қиындығын себеп қылып, азық-түлік те қымбаттайды. Бұл тағы қарапайым халықтың қалтасын қағатыны белгілі. Ұлытау облысының күретамыры осы жолдар. Сондықтан президенттің артқан сенімі мен халықтың «алақайлаған» қуанышы сол жолда қалып қоймасын! Көтерілген мәселе өз шешімін табуы тиіс. Жобалық құжаттамалар әлдеқайда шешіліп, құрылыстың қазір басталып-ақ кетуі қажет еді!» - деді депутат.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық