Депутат жөндеу көрмеген тас жолдар мәселесін көтерді
Фото: Ашық дереккөзден
Мәжіліс депутаты Қарақат Әбден кеңестік кезеңнен күрделі жөндеу көрмеген Қызылорда-Жезқазған тас жолының мәселесін көтерді, деп хабарлайды Orda.kz порталы.
«Қызылорда-Жезқазған, Қарағанды-Жезқазған тас жолдарының «жыры» таусылар емес. Мысалы, қазір көктем уақытында құрылыстың нағыз қызатын әрі қолайлы уақыты. Жобалық-сметалық құжаттамамен айналысып жүргенде, жол салудың маусымы тағы да өтіп кетеді. Қызылорда-Жезқазған жолының жайы маған бала кезден таныс. Бұл мәселе сол кезде өзекті еді, қарап тұрсаңыз, қанша жыл өтсе де, «баяғы жартас – сол жартас» болып тұр», - дейді депутат.
Депутаттың сөзінше, Жезқазған - Қызылорда тасжолы бойынша мердігер компаниялардың әлі бағаланып жатыр. Құжаттардың рәсімделуі «Госэкспертиза» мен «ҚазАвтоЖол» арасында жүр. Ал Жезқазған - Қарағанды тас жолында мердігерлік компаниялар әлі қарастырылып жатыр. Демек, жолдың қашан жасалатыны беймәлім.
«Жезқазған-Қарағанды тасжолы кеңестік кезеңнен күрделі жөндеу көрмеген, жиектері әбден мүжіліп, тарылып барады. Міне, содан бұл жол «қанды жер» аталып кеткені баршаға аян. Дәл осы жолда 2023 жылы 129 жол-көлік оқиғасы тіркеліп, 167 адам дене жарақат алған, 37-сі қаза тапқан. Ал биылғы екі айда 23 жол-көлік оқиғасы болып, 37 адам жарақаттанып, екі адам мерт болды. Тас жолдың «жыры» таусылғанша, әлі қанша жан тауқымет тартады?» - деді мәжілісмен.
Ол үшінші құрылтай өткенде президент Қасым-Жомарт Тоқаев: «Жол салу және оны жөндеу жұмыстары экономиканың дамуына тың серпін береді» деп атап көрсеткенін тілге тиек етті.
«Жол болмаса, қандай серпін, қандай даму болады? Жолымыздың түрі анау болса, қандай қарқынды экономика, қандай табысты туризм күтеміз? Халықтың әл-ауқаты осы жолға байланысты. Облысаралық жолдардың сапасыздығы өңірдің дамуына, инвестицияның тартылуына кедергі, сондай-ақ жол тасымалының қиындығын себеп қылып, азық-түлік те қымбаттайды. Бұл тағы қарапайым халықтың қалтасын қағатыны белгілі. Ұлытау облысының күретамыры осы жолдар. Сондықтан президенттің артқан сенімі мен халықтың «алақайлаған» қуанышы сол жолда қалып қоймасын! Көтерілген мәселе өз шешімін табуы тиіс. Жобалық құжаттамалар әлдеқайда шешіліп, құрылыстың қазір басталып-ақ кетуі қажет еді!» - деді депутат.
Жаңалықтар
- Әсет Ерғалиев Тоқаевтың кеңесшісі болып тағайындалды
- Қазақстандықтарды цифрлық бақылауда ұстап, салығын есептейтін жүйе құрылды
- Қазақстанда заңсыз ойын бизнесін ұйымдастырған АҚШ пен Украина азаматтарына іздеу салынды
- «Сен сияқтыларды колонияға қамау керек»: Алматы облысында болған оқушы өліміне кім кінәлі?
- Еуроодақ Иран Қорғаныс күштерін террористік ұйым деп таныды
- Экс-судья Айгүл Сайлыбаеваның өліміне күдікті күйеуі мен енесі Мәскеуде болуы мүмкін
- Иранда «Оскар-2025»-ке үміткер сценарист ұсталды
- Астаналық «емші» TikTok-тан тапқан ақшасын құмар ойынға тіккен
- Қазақстан азаматтары Үндістанға тегін визамен бара алады
- Алматы облысындағы 13 жастағы қызға жасалған азғындық: Істің жай-жапсары
- Қазақ билігі елден шығарған украиналық Мәскеуде тұтқынға алынды
- Тоқаев Пәкістанға не үшін барады?
- Ақмола облысында жол апатынан көпбалалы жүкті әйел көз жұмды
- Украина, АҚШ және Ресей арасындағы Абу Дабидегі келіссөздер кейінге қалды
- Алматыда ер адам жүк көлігінің астына түсіп қаза тапты
- Жаңа Конституция жобасы туралы жалған ақпарат таратқаны алматылыққа айыппұл салынды
- Оңтүстік Кореядағы зауыттағы өртте жоғалған Қазақстан азаматына қатысты СІМ мәлімдемесі
- Шавкат Рахмонов екінші ота жасатқанын айтып, UFC-ге оралуды кейінге қалдырды
- Павлодарда салынып жатқан көпір бір тәулікте екінші рет өртенді
- Белгілі әнші Ернар Айдар жаңа көлігімен мақтанамын деп айыппұл арқалады