Депутат жәрдемақыны көбейтуге мемлекет қаржысы жететінін айтты
Фото: ашық дереккөзден
Мәжіліс отырысында депутат Динара Закиева аз қамтылған отбасылардағы балаларға берілетін жәрдемақыны ең төменгі күнкөріс деңгейіне дейін көтеруге ұсыныс жасады.
Бірақ ол мемлекет қаражатының жететініне күмән келтірген. Себебі атаулы әлеуметтік көмектің мөлшерін көбейту үшін қосымша 225 млрд теңге керек.
Еуразия бірінші арнасының мәліметінше, депутат жәрдемақыны көтеруге мемлекеттің мүмкіндігі бар ма? деген сауалға жауап берді.
Айта кетсек, қазіргі таңда әр оныншы бала, демек 625 мың бала жағдайы төмен отбасында өмір сүріп жатыр.
Депутат жағдайы төмен отбасыларға қосымша көмек көрсетілсе де, ол олардың жамауларын жабуға жетпейтінін алға тартты.
«Берілетін көмекті ең төменгі күнкөріс деңгейімен теңестіру қажет. Егер 36 мың теңгеден берілсе, тым болмаса балабақшаның қаржысын төлей алады. Сонда анасы жұмысқа шығып, табысын арттыра алар еді» дейді Динара Закиева.
Сондай-ақ, депутат әлеуметтік осал топты қолдауға мемлекет қаражаты жететініне сенімді.
«Меніңше бюджеттің қаржысы жетеді. Ол үшін жергілікті әкімдіктегі және бюджеттегі қаржыны қайта қарап, қажетсіз шығындарды анықтасақ, қаражат табылады» деді депутат.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық