Депутат жәрдемақы мен зейнетақы мәселесін көтерді
Фото: Parlam.kz
Мәжіліс депутаты Ерлан Смайылов Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің саясатын сынға алды. Ол жәрдемақыны, ең төменгі жалақыны көтеруді талап етті.
Азық-түлік тауарлары, қызметтер, коммуналдық қызметтер тарифтерінің тұрақты өсуі және жалпы өмір сүру құнының өсуі жағдайында бұл мүгедектер, бала күтімі бойынша демалыстағы аналар, миллиондаған қазақстандықтар үшін мемлекеттік жәрдемақылар мен зейнетақыларды көбейту өте өзекті мәселе.
– 2022 жылдың 1 қаңтарынан бастап ең төменгі жалақы қазіргі 42 500 теңгеден 60 мың теңгеге дейін өседі, бұл 41 пайызды құрайды. Бірақ, сонымен бірге, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі мүгедектік бойынша жәрдемақыны, бала тууына байланысты жәрдемақыны және баланы бір жасқа дейін күту бойынша ай сайынғы жәрдемақыны сәйкесінше арттыру мәселесін көтермей отыр, - деді вице-премьер Ералы Тоғжановқа сауал жолдаған депутат.
Смайылов Еңбек министрлігінің қазақстандықтардың мүдделеріне сай келмейтін абсолютті пассивті ұстанымы туралы айтты.
– Ол халықты қорғау, үкімет алдына мәселелерді көтеру жөніндегі белсенді ұстанымның орнына, бюджеттік қаражаттың жоқтығына сілтеме жасап отыр. Тиісті министрлік республикалық ауқымдағы қарапайым әлеуметтік қамсыздандыру қызметіне айналды деп ойлаймыз. Өзінің идеологиясы мен халықты қорғаудағы өз миссиясын түсінуден әлдеқашан айырылған. Оны «Бюджетті халықтан қорғау министрлігі» деп атайтын уақыт жетті, - деді депутат.
Ол ұтымды жоспарлау мен пайдалану арқылы мемлекеттік бюджеттің мүмкіндіктері айтарлықтай кеңейетінін, ол туралы еліміздің Есеп комитеті жыл сайын қорытынды жасап, жүздеген миллиард теңгенің қалай тиімсіз жоспарланып, игеріліп жатқанын көрсететінін айтты.
– 2020 жылы бұл сома 570 миллиард теңгені құрады. Ауыл шаруашылығын субсидиялау саласындағы миллиардтаған, ең алдымен триллиондаған ұрлық фактілері осының айқын дәлелі, - деп түйіндеді депутат.
Смайылов өз өтінішінде 2022 жылдың 1 қаңтарынан бастап мүгедектерге, бала күтіміне байланысты, көп балалы отбасыларға және басқаларға берілетін мемлекеттік жәрдемақылардың мөлшерін, сондай-ақ ең төменгі зейнетақы мөлшерін, ең төменгі жалақыны көбейтуге еселік арттыруды сұрады.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық