Депутат су тасқыны кезінде жауапкершіліктен қашқандарды жазалау керектігін ұсынды
Фото: Ашық дереккөзден
Ринат Зайытов суы тасыған өңірлердің тұрғындарына уақытша несиелік демалыс қарастыруды ұсынды, деп хабарлайды Orda.kz порталы.
«Тосыннан келген топан суды қанша жерден табиғи құбылыс десек те, апатқа кінәлі адами салғырттықтар да бар. Дәлелімен айтсақ, Атырау облысы мен Құлсары қаласының маңынан заңсыз салынған су бөгеттері, жергілікті биліктің көктемгі су тасқынына әлсіз әзірленгені, сын сағатта абдыраған жұрттың әрекетін үйлестіре алмауы да осындай салдарға әкеліп соқты. Жергілікті билік пен жауапты министрліктер оған дейін дабыл қаққан әріптестерімнің депутаттық сауалдарына бей-жәй қарағаны да бұл апаттың бір себебі деуге әбден болады. «Бөренеден аттаймыз» деп есеп беріп, сіріңкеге сүріне беретін мемлекеттік органдардың шалағайлығы жауапқа тартпаса жалғаса береді ғой», - деді мәжілісмен депутаттық сауалында.
Сондай-ақ ол «Жауапкершілік алудан қашып, жұмысты бір-біріне сілтеп отыратын қызметкерлер мен жергілікті ірі компаниялардың әрекеттері жазалануы тиіс», деген президенттің сөзін тілге тиек етті.
«Екіншіден, апат салдарынан зардап шеккен халық өз шығындарының қалай есептеліп, қалай өтелетінін әлі де толық білмейді, өйткені, шаралардың нақты алгоритмі жасалмаған, комиссия қалай құрылып, қалай жұмыс жасайтыны жайлы халыққа дұрыс хабарланбаған. Сол себептен комиссия жұмысын жеңілдетіп, халықпен тікелей байланыстыру мақсатында оның құрамына ел сеніміне ие болған жергілікті белсенді азаматтарды қосу керек деп есептейміз», - деді Мәжіліс депутаты Ринат Зайытов.
Жаңалықтар
- АҚШ-та Трамптың бейнесі бар паспорт шығады
- Google қызметкерлері жасанды интеллектті әскери мақсатта пайдалануға қарсы
- Сәби саудасы мен еңбекке жегу: ІІМ қылмыстың топтардың ісін әшкереледі
- «Дружба» құбыры жабылды: Қазақстан мұнай экспортын қайда жібереді?
- Аргентинада Димаш Құдайберген атындағы кабинет ашылды
- Таяу Шығыстағы ахуал: БАӘ мұнай экспорттаушы елдер ұйымынан шығады
- Дәрігерлер әйелден салмағы алты келіден асатын ісікті алды
- Баян Алагөзова Меруерт Өтекешоваға өмір бойына ай сайын 1 миллион теңге зейнетақы береді
- Алматыда орталық қалалық ауруханаға 2,5 млн теңге айыппұл салынды
- Астанадағы мектепте төбелескен оқушылар арнайы оқу орнына жіберілуі мүмкін
- Тоқаев Израиль президентіне Alem.ai орталығын көрсетті
- «Қазақстан — ортақ үйіміз»: Астанада 2000 оқушы «Алтын ұя» күйін тартты
- Астанада мәслихат шешімі күшіне еніп, көліктерді ақылы эвкуациялау басталды
- Желіде домбыраны «харам» деген ер адамға қылмыстық іс қозғалды
- Министр тарап кеткен жеке деректерге қатысты пікір білдірді
- Индонезияда екі пойыз соқтығысып 14 адам қаза тапты
- Лифтті тепкілеп, қызды баспен ұрған «батыр» ұсталды
- Алматыда алаяқтық мақсатымен 4 млн қоңырау шалған қылмыстық топ ұсталды
- Ұшқышсыз ұшу аппараттары мен әуе кеңістігін пайдалану қатаң бақыланады
- Елімізде балалардың атына жеке кәсіпкерлік рәсімдеуге болады