Депутат «Самұрық-Қазына» қорын сынға алды
Коллаж Orda.kz
Мәжіліс отырысында депутат Аманжан Жамалов «Самұрық-Қазына» қорын сынға алды. Ол қор пысықталмаған шешім қабылдап жатқанын айтты.
Депутат Аманжан Жамалов Әлихан Смайыловтың атына депутаттық сауал жолдады.
«Дегенмен мамандардың құзырлы әрі кәсіби пікірін хайп пен популизм толқыны басып бара жатқаны ерекше алаңдатып отыр. Осы жағдайда қордың басшылығы пысықталмаған әрі асығыс шешімдер қабылдай бастағанын көріп отырмыз. Бұл өз кезегінде теріс салдарға алып келуі мүмкін» деді депутат.
Аманжан қорды жаңғырту бойынша жоспарлы жұмысқа қайта оралу керек екенін айтты.
«Самұрық-Қазына құрылғанда «ұлттық компанияларды кәсіби корпоративтік басқару арқылы оның тиімділігін арттыру» мақсаты қойылғаны есімізде. Сол кезде қордың табыстылығы мен мемлекеттік бюджетке түсетін аударымдардың өсімін қамтамасыз ету жайлы сөз болған. Осы мақсатқа қол жеткіздік пе? Бүгінде біз Самұрықтан мемлекеттік бюджетке түсетін дивидендтер сомасы бюджеттен олардың инвестициялық жобаларына бағытталатын қаражаттан үнемі аз болғанын көріп отырмыз. Мәселен 2019 жылы Самұрық бюджетке 120 млрд теңге дивиденд төледі. Ал қордың таза табысы 1,4 трлн теңгені құрады» деді.
Адам басына 500 теңге
Оның айтуынша, қор қаражаттың басым бөлігін құртып тастаған.
«Қазір қор үлесін әр қазақстандыққа бөліп беру жайлы ұсыныс айтылып жатыр. Бір қарағанда, өте керемет идея сияқты. Алайда Самұрық-Қазынаның қазіргі қаржылық жағдайын ескерсек, мұндай үлестен бір адамға айына небәрі 500 теңге ғана кіріс түседі» деді Аманжан Жамалов.
Ол асығыс шешім қабылдауға асықпай, қордағы ақша неге азайғанын зерттеу керек деп түсіндірді.
«Осы орайда қордың бейінді және бейінді емес активтеріне кешенді аудит жүргізу керек. Бәсекелестік ортаға бейінді емес компанияларды шығару шешімін қабылдаған жөн. Сонымен қатар, барлық бейінді компаниялар жұмысының тиімділігін бағалаған дұрыс болады. Оларға қаржылық сауықтыру жүргізіп, осыдан кейін қор нарығы арқылы өткізу туралы шешім қабылдау керек.
Азаматтар қордың үлесін иелену құқығын қандай форматта алса да, тиісті бағалау мен оның нәтижесін ашық жарияламаса, азаматтар өздеріне не ұсынып отырғанын білмейтін болады. Яғни бұл тұрғыда «нақты инвестициялық кіріс бола ма?» немесе «қомақты қарызға батқан құрылымды көре ме?». Егер осы сұраққа нақты жауап берілмесе, онда қазіргі және болашақ әлеуетті инвесторлар да түсінбестік жағдайда болады. Өйткені «Самұрық-Қазына» берешегі 7,5 трлн теңгеден асып түсті, бұл 18 млрд АҚШ доллары шамасында» деді депутат.
Оның айтуынша, қордың сыртқы қарызына назар аудару керек.
«Қордың барлық аударымдары орталықтандырылып, мемлекеттік міндеттерді жүзеге асыруға бөлумен республикалық бюджетке түсуі керек» деді Жамалов.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық