Депутат «парақор» шенеуніктің мемлекеттік қызметке оралуына қарсы шықты
Қылмыстық іс бойынша айыпталушы Айдар Беркімбаев «сыбайлас жемқорлыққа күдікті болу қаупіне» қарамастан, мемлекеттік қызметке қайта оралды.
Сонымен қатар, ол өзінің жүргізушісін бөлімдердің бірінің басшысы етіп тағайындаған және жылыту маусымына дайындықты сәтсіз аяқтады. Мәжіліс депутаты Наталья Дементьева осының барлығын білгендіктен оның жұмысқа орналасуына қарсылық білдірді. Ол Айдар Беркімбаевтың жаңа жұмыс орнында кәсіби жарамсыздығын көрсетті.
Энергия тиімділігі және инфрақұрылымдық даму басқармасының бұрынғы басшысы Беркімбаев мемлекеттік қызметтен 2019 жылы кетіп, 2020 жылы қайтадан мемлекеттік қызметке орналасты.
– Беркімбаевтың жылыту маусымына дайындық жұмыстарының әлсіздігі нәтижесінде «Восточка» тұрғын үй кешенінің тұрғындары пәтерлердегі жылудың болмауына байланысты митингке шықты. Сонымен қатар, Беркімбаев аталған ЖШС-нің сыбайлас жемқорлыққа қарсы секторы басшысын жұмыстан шығарып, осы лауазымға өзінің жүргізушісін тағайындады, – деді Дементьева «Nur Otan» партиясының сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі республикалық қоғамдық кеңесте.
Отырыс қорытындысы бойынша Алматы басшылығына кеңестің жұмыс тобы анықтаған кемшіліктерді жою бойынша қажетті шаралар қабылдау ұсынылды.
Беркімбаев 2014 жылдан бастап «Алматы электр станциялары» АҚ бөлім бастығы болды. 2018 жылдың қазан айында Алматы облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының басшысы лауазымына тағайындалды. Тура бір жылдан кейін, 2019 жылдың қазан айында «Алматыжылукоммунэнерго» ЖШС бас директоры болып тағайындалды.
Бұл лауазымда Беркімбаев 2020 жылы мүліктік залал келтіру ісі бойынша күдікті болып өтті. Шенеунікке қатысты мемлекеттік бағдарламамен бөлінген 630 млн теңгеден астам қаражатты жымқыру фактісі бойынша тергеу жүргізілді. Беркімбаев іс бойынша өтіп жатқан мәртебесі туралы ресми ақпарат хабарланған жоқ. Істің мән-жайы айтылмады.
2020 жылдың қазан айында Алматы қаласы энерготиімділік және инфрақұрылымдық даму басқармасының басшысы лауазымына қайта бекітілді.
2021 жылдың ақпан айында Алматы әкономикалық тергеу департаменті Алматы қаласы әкімінің орынбасарының атына Беркімбаевты қызметінен босату бойынша тәртіптік сипаттағы шаралар қабылдау туралы ұсыныс жіберді.
Nur Otan сыбайлас жемқорлыққа қарсы кеңесі 2021 жылғы маусымда Беркімбаевты партиядан шығаруды ұсынды.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық