Депутат Назарбаевтың өкілетін қысқартуды не үшін қолдағанын айтты
Тұңғыш президент Нұрсұлтан Назарбаевқа есткерткіш қоюды ұсынған Мәжіліс депутаты Мәди Ахметов Елбасының өкілетін алып тастауды не үшін қолдағанын айтты.
Парламент ғимаратында «Азаттық Радиосы» Мәди Ахметовтен жауап алды.
– Бұл жерде мен ашқандай қарама-қайшылық көріп тұрған жоқпын. Бұл – заңды процесс. Заң бір қатып қалған дүние емес. Мына болып жатқан саяси жағдайларға байланысты оған өзгерістер енгізіледі, – деді жас депутат.
Сонымен қатар, ол Назарбаевқа ескерткіш қою керек деген ұстанымы туралы айтты.
– Ұсыныс айтылды. Бірақ бұл қойыла ма, қойылмай ма? Бұл болашақтың еншісінде. Уақыт көрсетеді, – деп түйіндеді Ахметов.
Еске салсақ, Мәжіліс депутаттары «Тұңғыш Президент – Елбасы туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына сенаторлар ұсынған түзетуді мақұлдады.
Түзетуге сәйкес, аталған заңнан сыртқы және ішкі саясаттың негізгі бағыттары бойынша бастамалар Елбасымен келісіледі деген норма алынып тасталды.
Мәжілістің жалпы отырысына 93 депутат қатысты. Барлық 93 депутат бірауыздан бұл норманы алып тастауды қолдады. Олардың қатарында бұған дейін Алматыда Нұрсұлтан Назарбаевтың ескерткішін орнатуды ұсынған Мәжілістің ең жас депутаты Мәди Ахметов те бар болған еді.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық