Депутат Нұртөре Жүсіп Ирина Қайратовна тобына қатысты пікір білдірді
Фото: ашық дереккөзден
Сенат депутаты Нұртөре Жүсіп жақында Ирина Қайратовна тобына қатысты пікір білдірді. Ол Қазақстанда мемлекеттік рәміздерді қорлағаны үшін жазаны қатаңдатып, өнер қайраткерлерінің репертуарына цензура қою керектігін алға тартты.
Сондай-ақ, депутат әдепсіз сөздер айтып, халықты сыйламай, есірткі мен ішімдік ішкен әншілерді бес жылға дейін сахнадан мүлдем шеттетуді ұсынды.
«Мәдениет министрлігі жанынан репертуарлық алқа және республикалық, облыстық көркемдік кеңестер құрылсын. Бұқаралық мәдени шараларды өткізу талабына халықтың салт-дәстүрі мен әдет-ғұрпын сақтау және құрметтеу ережелерін енгізуді, осы талаптарды бұзған шығармашылық ұйымдардың қызметін бес жылға шектеуді талап етеміз. Депутаттық сауалға жазбаша жауап беруіңізді сұраймыз» деді Нұртөре Жүсіп премьер-министр Әлихан Смайыловқа.
Сондай-ақ, Нұртөре Жүсіп «Мәдениет туралы» заңға жекелеген шығармашылық өкілдерінің мәдени-көпшілік шараларын ұйымдастырушының халық алдындағы жауапкершілігін қамтамасыз ететін баптарды енгізуді ұсынды.
Еске салсақ, артынша музыканттар өздерінің әдепсіз қылықтары үшін кешірім сұрап, айыппұл төледі.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық