Депутат мектеп оқушыларына арнайы сабақ өткізуді ұсынды
Мәжіліс депутаты Дархан Мыңбай Қазақстанда ажырасулардың көбейіп кеткеніне назар аударды. Елде күн сайын 150 жұп ажырасады. Бұл тенденциямен күресу үшін мәжіліс депутаты мектептер мен жоғары оқу орындарында арнайы сабақ енгізуді ұсынды.
Бұл туралы Orda.kz хабарлайды.
– Бүгінгі таңда өте маңызды мәселенің тамыры жастардың ажырасуында, отбасылардың ыдырауында жатыр. Тұрақты отбасын құру, көп балалы болу ұлттың ұлғаюына негіз болады.
2015 жылдан 2019 жылға дейінгі кезеңде тіркелген некелердің жалпы саны 709,6 мыңды құрады, ал ажырасқан отбасылар саны - 274,5 мың. Яғни, тіркелген некелермен салыстырғанда ажырасулар саны 35 пайыздан 43 пайызға дейін өскен. Соңғы 5 жылда күніне барлығы 389 неке тіркелді, 150 отбасы ажырасты, - деді Мыңбай Мәжіліс отырысында.
Оның айтуынша, 2019 жылы 59 796 неке бұзылған, яғни бір күнде 164 отбасы ажырасқан. Биыл 120 мыңға жуық адам неке қиды, 60 мыңнан астамы 18-35 жас аралығындағы жастар. Ажырасудың басым бөлігі 30-34 жас аралығындағы отбасыларда болады.
Ұсыныс ретінде депутат тұрақты отбасы институтының құндылықтарын насихаттау үшін мектептер мен жоғары оқу орындарында арнайы сабақтар енгізуді ұсынды.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық