Депутат мас жүргізушілерге рақымшылық жасауға қарсы шықты
Фото: Envato
Мәжіліс депутаты Айдос Сарым жүргізуші куәлігінен айырылған азаматтарды рақымшылық тетіктеріне қосудан бас тарту керектігін мәлімдеді, деп хабарлайды Orda.kz.
Депутаттық сауалда Алматы қаласындағы әл-Фараби даңғылында болған қайғылы жол апаты негізге алынып мас болып көлік жүргізіп, адам өліміне әкелгендерге қатысты жауапкершілікті қайта қарау қажеттігі көтерілді. Депутат жүргізуші куәлігінен айырылған азаматтарды рақымшылыққа іліктіру бастамасына үзілді-кесілді қарсы екенін жеткізді.
«Жүргізуші куәлігінен айырылғандар кімдер? Басым көпшілігі — заңды жүйелі түрде бұзғандар, мас болып немесе өзге де елітуші заттардың әсерімен көлік тізгіндегендер, жол қозғалысы ережелерін елемегендер және сол арқылы айналасындағылардың қауіпсіздігіне қатер төндіргендер. Бұлар жай ғана зиянсыз құқық бұзушылар емес, бұлар — әлеуетті кісі өлтірушілер. Бұлар — бір кездері өз әрекетімен өзгенің денсаулығы мен тағдырын қатерге тіккендер. Рақымшылық аясында оларға жүргізу құқығын қайтару арқылы біз, шын мәнінде, ертең-ақ оларға біреудің өміріне қайтадан қауіп төндіруге екінші мүмкіндік береміз. Біз жаңа қасіреттердің қаупін саналы түрде арттырамыз», — деді Айдос Сарым.
Депутаттар рақымшылық туралы заңды талқылау кезінде негізгі өлшем халықтың қауіпсіздігі болуы керек екенін атап өтті. Олардың пайымынша, егер қандай да бір шешім азаматтардың өмірін қауіпсіз ете алмаса, онда ондай бастамаға жол беруге болмайды.
Оқи отырыңыз:
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық