Дана Нұржігіт: Құмар ойынға қатысты заңға өзгеріс енгізу керек
Фото: Ашық дереккөз
Парламент сенатының депутаты Дана Нұржігіт ойын бизнесі туралы заңнаманы жетілдіру бойынша бірқатар шаралар ұсынды.
Сенатордың айтуынша, депутаттардың атына азаматтардан букмекерлік кеңселерді жарнамалауға қатысты заңнамалық шаралар қабылдау талабымен көптеген өтініштер келіп түседі.
«Жарнама туралы қолданыстағы заңға сәйкес казино мен интернет-казино қызметтерін жарнамалауға тыйым салынады. Бірақ букмекерлік кеңселердің қызметтерін жарнамалауға тікелей тыйым жоқ. Сондықтан мұндай компаниялардың жарнамалары интернетте агрессивті түрде алға жылжуда. Осы фактіні ескере отырып, қолданыстағы заңнамаға букмекерлік компаниялардың жарнамасына толық тыйым салу бойынша тиісті өзгерістер енгізу қажет» делінген депутаттық сауалда.
Сенатордың мәліметінше, Қазақстанда құмар ойыншылардың саны 350 мыңнан асады, ал бір ойыншының орташа қарызы 10 млн теңгеге жеткен. Депутат бұл мәселеге де назар аударуды сұрады. Ол сондай-ақ ойын бизнесі субъектілерінің әлеуметтік жауапкершілігін күшейту бойынша тиісті жұмыстар жүргізу қажеттігін атап өтті.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық