Депутат Қызылордада жазасын өтеп жатқан Думан Мұхаммедкәріммен кездесті
Коллаж Orda.kz
Депутат Ермұрат Бәпи Қызылордадағы колонияда жазасын өтеп жатқан журналист Думан Мұхаммедкәрімді барып көрді. Депутат оның жағдайы мен колониядағы ахуалы туралы Facebook-парақшасында жазба жариялады, деп хабарлайды Orda.kz.
Бәпидың айтуынша, Думан қамауда қатты арықтап кеткен. Жуырда ғана тағы бір аштықты тоқтатқан.
«Екеуара екі сағатқа жуық әңгімелестік. Сол баяғы Думан: бірбеткей, тікмінез, турашыл. Сот үкімімен таңылған жазаны мойындамайды. Бұдан бір жарым жыл бұрын Талдықорған уақытша ұстау изоляторында кездескен кезге қарағанда, біраз жүдеу тартқан. Мен келерден бір күн бұрын (20.11.25) кезекті аштықтан шығыпты. «құрғақ аштық па?» десем: «Жоға, сұйық ішпесең, үш-төрт күннен кейін шатырың кетіп қалады» деп күледі. Бостандықта жүрген кезіндей, әзілден кенде емес. Өр мінезінен айнымаған. Басты айнадай қылып, ұстарамен қырып тастаған. «Неге қырдың?» десем, «Гигиена, кичада душ жоқ қой...» деп тағы да әзілдейді. Кичасы — карцер, Қызылордаға этаппен келгеннен бергі жалғыз адамдық мекені. Колония тәртібіне бағынбағандықтан, режимнің талабы бойынша осындай ішкі жазаға кесілген. Себебі — мекеменің жалпыға ортақ киімін киюден бас тартқан», деп жазды Бәпи.
Депутаттың сөзінше, журналистің денсаулығы нашарлап кеткен. Аштық салдарынан оның бүйрегі, белі және асқазаны ауырады.
Бәпи колония басшылығынан камераға тасталды деп айтылған жарылғыш зат жөнінде де сұрады. Оған мынадай жауап берілген:
«Бұл жағдай тексерілуде. Бірақ мұндай қарабайыр әрекетті Мұхамедкәрімге қатысты қастандық жасалған деп бағалауға болмайды. Егер шынында да түрмеде отырған әлдекімге (Думанға ғана емес) қастандық ұйымдастырылатын болса, әдетте ондай іс даңғаза дабырамен жасалмайды ғой. Сондықтан бұл Думанның төңірегіндегі қоғамдық у-шуды қоздыру үшін әлдекімдер сырттан ұйымдастырған арандатушылық», деді Бәпи.
Депутат бұл уәжді қисынды деп тапты. Оның айтуынша, түрмеде отырған, қорғансыз, «саяси тұтқын» саналған адамға қастандық ұйымдастырудың еш мәні жоқ.
Еске сала кетсек, «тыйым салынған ұйым ісіне араласу» және «экстремизмді қаржыландыру» айыптары тағылған Думан Мұхаммедкәрімге Қонаев қалалық соты 7 жылға бас бостандығынан айыру туралы үкім шығарды.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық