Депутат кредиттік амнистия жариялауға ұсыныс тастады
Депутаттар ҚР премьер-министрінің бірінші орынбасары Әлихан Смайыловқа қаржылық қиындықтары бар қазақстандықтардың несиесін кешіру туралы ұсыныспен сауал жолдады.
«Ақжол» партиясының депутаты Азамат Әбілдаев қазіргі таңда 27 пайыз халық қарызға батқанын айтты.
«Банктер мен МҚҰ несие беріп, халыққа көмектесіп жатқандай көрінеді. Бірақ ақшаны қайтарар кезінде түсіністік танытпайды. Олар өз аттарын таза ұстап қалу мақсатында, халықтың соңғы тиынын тартып алу үшін коллекторларды жұмсайды. Бүгінгі күні банктер жанашырлық, мейірімділік сияқты құндылықтардан ада болған және олар қарақшылардан да жаман. Соңғы ақшаны ұры да алмайды дейді ғой, ал банктер керісінше әлеуметтік көмек пен зейнетақыға да қол сұғады. Мұндай жағдай адамды соңғы қадам жасауға – суицидке баруға итермелейді» дейді депутат.
Олар Тәуелсіздіктің 30 жылдығы қарсаңында қаржылық қиындықтары бар қазақстандықтарға рақымшылық жасауға және коллекторлық компаниялардың қызметін реттеуге ұсыныс тастады.
«Қылмыс жасап сотталғандарға рақымшылық жасап жатқан мемлекет неге мүгедектікке немесе қиын жағдайға байланысты материалдық қиындықтарға тап болған азаматтарымызды қамқорлыққа алмайды? Олар да біздің қоғамның бір мүшесі болып саналады емес пе?! Неліктен бар болғаны 199 млрд теңге бөліп амнистия жасамасқа? Бұл мемлекет үшін көп ақша емес қой» деді Әбілдаев.
Еске салсақ, бұған дейін желіде тұрғын үй несиелеріне несиелік амнистия жарияланды деген ақпарат тараған. Алайда, оны Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі жоққа шығарды.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық