Депутат әйелдердің зейнет жасын 58-ге дейін төмендетуді ұсынды
ҚР Парламенті Сенатының пленарлық отырысында депутат Дана Нұржігіт әйелдердің зейнет жасын төмендетуді ұсынды.
– 2015 жылы зейнетке шығу жасын өзгертуге қатысты заң қабылданған кезде Қазақстандағы орташа жас негізге алынды. Ол кезде 73 жас еді. 2021 жылы бұл көрсеткіш 70 жас деп қабылданды. БҰҰ деректері бойынша Қазақстанда 2022 жылы өмір сүру ұзақтығы – әйелдер үшін 78 жас, ерлер үшін 70 жас. Алайда, пандемияға байланысты бұл көрсеткіштер өзгерді. Бүгінгі таңда қандай болжамдар бар екендігі туралы нақты ақпарат жоқ, – деді Дана Нұржігіт депутаттық сауалында.
Оның пікірінше, күмәнді көрсеткіштері бар мұндай нақты емес мәліметтер әлеуметтік маңызды заңды қабылдауға негіз бола алмайды.
– Ұлттық статистика бюросының мәліметтері бойынша, 2020 жылы өлім-жітім 2019 жылмен салыстырғанда 22% - ға өсті. Кейінгі жылдары бұл процесс тоқтаған жоқ. Осылайша, әлемдік болжамдарға негізделген 2015 жылғы зейнетақы реформасы Қазақстандағы бүгінгі жағдайға мүлдем сәйкес келмейді. Жеті жыл бұрын әлемде қарт адамдар саны артып, еңбекке қабілетті адамдар саны азаятыны айтылды. Алайда, пандемияға, әлеуметтік-экономикалық дағдарысқа байланысты бұл болжамдар дұрыс емес, - деді Дана Нұржігіт.
Депутат егер азаматтар бүгінгі зейнетақы заңнамасына сәйкес 60-63 жасқа дейін жұмыс істейтін болса, онда олар жұмыс орындарын босатпайтынын айтты. Бұл жағдайда жас ұрпақ үшін жұмыс орындары тапшы болады.
– Біз соңғы уақытта Үкімет зейнетақы саласының мәселелерін қарастырып жатқанын және ауыр жұмыс істейтін адамдар үшін зейнетақы жасын қайта қарайтынын білеміз. Менің ар-ұжданым әйелдердің зейнет жасын өзгерту туралы тілектерін айтпауға мүмкіндік бермейді. Осы өтініштерге сәйкес, әйелдер үшін зейнет жасын – 58 жас деп белгілеуді сұраймын. Егер әйел одан әрі жұмыс істеуге дайын болса, онда бұл оның еркіне байланысты, - деді Дана Нұржігіт.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық