Депутат футболды қаржыландыру туралы: жүздеген миллиардтар ауаға кетті
Мәжілістегі «Ақ жол» фракциясының депутаттары футбол клубтарын бюджеттен қаржыландыруды тоқтатуды сұрап отыр. Олар өз ұсыныстарын вице-премьер Ералы Тоғжановтың атына жолдаған депутаттық сауалда айтты.
«Қазақстан футбол федерациясы бюджеттен бір тиын да алмайды деп отыр. Бірақ осы федерацияға кіретін кәсіпқой клубтар облыс әкімдіктері арқылы ақша алады. Соңғы үш жылда облыс әкімдіктері кәсіпқой клубтарға 111 млрд теңге бөлген. Ал оған республикалық бюджеттен демеушілер тарапынан федерацияға бөлінген қаржыны қоссаңыз, онда оларды санауға да келмейді. Ресми мәлімет жоқ» дейді депутат Қазыбек Иса.
Депутаттың айтуынша, ұлттық мүлік қазақстандық футболды дамытуға емес, шетелдік футболшыларды ұстауға жұмсалады. Клубтардың әлемдік рейтингінде қазақстандықтардың ешқайсысы 100-дікке енбей, 200-діктің соңында.
«ФИФА рейтингі бойынша Қазақстан 125-орында. Ал ТМД елдеріндегі футбол бюджеті ең аз Қырғызстан 96-орында. Бразилияға жіберілген 78 жігіттің ешқайсысы ойнамайды. Ауылдарда жол салуға ақша таппай отырғанда, миллиардтаған қаржыны ысырап етіп жатырмыз» дейді депутат.
Оның үстіне 30 жылда Қазақстанда бір ғана стадион салынды. Ал футбол бюджеті екі есе көп Өзбекстан 10 заманауи стадион салды.
«Өзімізді масқаралау үшін халықтың қыруар қаржысын футболға құйып жатырмыз деген сөз. Сондықтан, гол соға алмай, тек халықтың ақшасын қалай пайдалану керектігін білетін футболға миллиардтар бөлуді тоқтату керек» деді Қазыбек.
Ол кәсіпқой спорттың бизнес екенін және оны мемлекеттен қаржыландыруға болмайтынын атап өтті. Сондықтан бюджетке байланған футбол клубтарының барлығын жекешелендіру қажет.
«Мемлекет қаржысын балалар мен жасөспірімдер мектептеріне, футбол мектептерін дамытуға, балалар жаттықтырушыларын даярлауға бағыттау керек. Осы ауылдарда, аудан орталықтарында, қала маңында таланттарға жағдай жасау керек. Сондай-ақ шағын тегін спорт залдарын салу керек. Секциялардағы жаттықтырушыларға ұстаздармен тең дәрежеде лайықты жалақы төлеу керек» деп қосты Қазыбек Иса.
Сондай-ақ депутаттар мемлекеттен футбол саласына бөлінген қаражат туралы есеп беруді сұрады.
Еске салсақ, 14 қараша күні футболдан Қазақстан құрамасы 2022 жылғы әлем чемпионатына іріктеу кезеңіндегі соңғы матчта Франциядан сегіз гол өткізіп алып, жеңіліп қалған.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық