Депутат Ермұрат Бәпиге әлі диагноз қойылмады
Коллаж Orda.kz
Еуропаға медициналық диагностикаға барған мәжіліс депутаты Ермұрат Бәпи елге оралды. Қазір ол жергілікті шипажайлардың бірінде Германия дәрігерлерінен қорытынды диагнозды күтіп отыр.
Бұл туралы Ермұрат Бәпи Orda.kz тілшісіне айтты.
Ермұрат Бәпи тілшімізге елге оралғанын, қазір шипажайлардың бірінде саумалмен емделіп жатқанын растады. Ол әлі де неміс дәрігерлерінен қорытынды диагноз күтіп отырғаны жайлы бөлісті. Депутат бірнеше күннен кейін емделуге шақыру алуы керектігін және нәтиже келгенше өзінің жағдайы туралы айтудан бас тартатынын айтты.
Сонымен қатар Бәпи өзінің денсаулығына қатысты анонимді телеграм-каналда тараған жалған ақпараттарды жоққа шығарды.
Еске сала кетейік, шілденің 20-сы күні Ермұрат Бәпидың бір кездері марқұм ресейлік оппозиционер Алексей Навальный емделген Берлиндегі әйгілі «Шарите» клиникасына диагностикаға барғанын хабарлаған едік.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық