Депутат елімізде «шетел агенттері» туралы заң қабылдауды ұсынды
Фото: Видеодан кадр
Мәжіліс депутаты Ирина Смирнова «шетел агенті» туралы заң дайындауды ұсынды, деп хабарлайды Orda.kz.
Смирнова Қазақстан ұлттық мүддесін USAID сияқты ұйымдар қызметінен қорғауы қажет деп мәлімдеді. Үкімет басшысына жолдаған депутаттық сауалында мәжілісмен АҚШ талқылап жатқан USAID агенттігі, «Азаттық» пен «Америка дауысы» радиоларын мысал етті.
Депутат жылдар бойы жұмыс істеп келе жатқан бірқатар үкіметтік емес ұйымдардың жағдайын қайта қарап, «БАҚ-ты қолдау», «адам құқығы», «толеранттықты арттыру» дегенді желеу етіп жүргендерді тексеруге шақырды. Сондай-ақ Қазақстанда бірқатар елдердегі сияқты заң қабылдауды ұсынды.
«Қазақстанға бұл тәжірибені қолдап, ел азаматтары ақпаратты бағалап, салыстыра алуы үшін оның дереккөзін білетіндей кез келген құрылымды нақты белгілейтін ұлттық заңнама дайындау қажет екеніне сенімдімін. Бұл ретте гуманитарлық және ғылыми ұйымдарға бірқатар ерекшелік белгілеу қажет. Мұндай амал ұлттық мүддені қорғауға мүмкіндік береді, салауатты азаматтық қоғамды қудалауға және оның дамуын бәсеңдетуге жеткізбейді», - деді Смирнова.
Смирнова «шетел агенті» туралы заң Израильде, Қытайда, Австралияда, Ұлыбританияда, Францияда, АҚШ-та бар екенін айтты.
Жаңалықтар
- Прокурор Жанәбіловтерге жаза мерзімін сұрады
- Павлодарда полицей әйелдің денесін өртеп жіберген
- Екі кеме Ормуз бұғазы арқылы өтуге тырысқан: Иран әскери-теңіз күштері оларды ұстады
- Талғардағы сұмдық: Өлтірілген жігіттің туыстары оқиға туралы айтып берді
- СІМ Дубайда өмір бойына сотталған 22 жастағы қазақстандықтың ісіне қатысты пікір білдірді
- Ауыл мектептерінде директорлар жетіспейді
- «Арал теңізі – дұрыс жүргізілмеген саясат салдары» — Астанада өтіп жатқан экологиялық саммитте Тоқаев не айтты?
- Мәжіліс депутаты базарларға дизайн-код енгізуді ұсынды
- 100 жыл бұрынғы қазақ қыз-келіншектерінің келбеті қандай болды?
- Қызылордада ауылдық клубтың директоры мен есепшісі 10 жыл бойы бюджет қаражатын жымқырып келген
- Астанадағы самитте Арал өңірінің экологиясы мен климаттық-экологиялық мәселелер талқыланады
- Маслихат депутаттарының билігі күшейеді
- Талғарда 20 жастағы жігіт пышақ жарақатынан көз жұмды: Бірден 2 қылмыстық іс қозғалды
- Қазақ поэзиясының қара нары — Мұхтар Шаханов туған топырағына жерленді
- Дәрігерге күш қолданған азамат 1,5 жылға сотталды
- «Бекіре-2026» акциясы: Атырау облысында 378 заңбұзушылық анықталып,13 қылмыстық іс қозғалды
- ІІМ автомектептерге тексеріс барысында 701 оқу тобы қызметін тоқтатты
- Рахат Тұрлыханов отбасылық жанжалға қатысты жазадан құтылды
- Көпмиллиардтық қаражатқа салынып жатқан Ертіс үстіндегі көпір тағы өртенді
- Тоқаев Израиль президентін Тәуелсіздік күнімен құттықтады