Депутат Дәулет Мұқаев: Орыс тілі оқулықтарын жеңілдету керек
Фото: Dauletten/Instagram
Мәжіліс депутаты Дәулет Мұқаев қазақ сыныптарында оқытылатын орыс тілі пәні бағдарламасына қатысты өз пікірін білдірді, деп хабарлайды Orda.kz.
Мұқаевтың айтуынша қазақ сыныптарындағы екінші сынып оқушыларына арналған орыс тілі оқулықтары тым қиын. Сабақ бастала салысымен балаларға күрделі тапсырмалар беріледі. Бірден сөйлем құрау, өлең жаттау секілді күрделі тапсырмалар жүктеледі. Депутаттың пікірінше, алдымен алфавиттен бастап үйрету қажет.
«Менің отбасымда балалар орыс тілінде мүлде сөйлемейді, сондықтан олар үшін өте қиын. Олар түгілі мына өзіміз ата-ана ретінде де қиналамыз. Сонымен қатар, орыс тіліндегі сыныптарда қазақ тілін оқыту бағдарламасы әлдеқайда жеңілдеу. Оларда тапсырмалар жеңіл – сөздегі жетіспейтін әріпті қою сияқты қарапайым тапсырмалар. Ал қазақ сыныптарындағы балалардың тапсырмалары филолог маманды дайындағандай. Бұл жағдайда оқулықтарды жеңілдету қажет деп санаймын», – деді депутат.
Сонымен қатар, Дәулет Мұқаев мектептердегі грамматика мәселесін де көтерді. Оның айтуынша, кейбір мұғалімдер тіпті қарапайым сөздерде қате жібереді. Мысалы, «Иә» сөзін «Иа» деп жазу жиі кездеседі. Қалайша мұғалімдер осындай қателіктер жібереді деген сауалды да көтерді.
Сондай-ақ, депутат оқулықтардың сыртқы формасына да назар аударды. Оқулықтардың бірдей стандарттары жоқ екенін, сол себепті ата-аналардың жыл сайын жаңа қап сатып алуға мәжбүр екенін атап өтті.
Мұқаевтың тағы бір көтерген мәселесі – жаңа стандарт бойынша информатика пәнін алып тастау ұсынысы. Бұл шешімнің қандай зерттеулер негізінде қабылданғанын сұрап, оның нәтижелерін жариялауды талап етті.
Жаңалықтар
- Швейцария соты Гүлнәр Кәрімоваға қатысты істі тоқтатты
- Ақтаулықтар кәдеге жарату алымын төмендетуді талап етті
- Қамшыбек Тәшиев мемлекеттік төңкеріс жасамақшы болған: Экс-ҰҚК төрағасына ресми түрде айып тағылды
- АҚШ-та Трамптың бейнесі бар паспорт шығады
- Google қызметкерлері жасанды интеллектті әскери мақсатта пайдалануға қарсы
- Сәби саудасы мен еңбекке жегу: ІІМ қылмыстың топтардың ісін әшкереледі
- «Дружба» құбыры жабылды: Қазақстан мұнай экспортын қайда жібереді?
- Аргентинада Димаш Құдайберген атындағы кабинет ашылды
- Таяу Шығыстағы ахуал: БАӘ мұнай экспорттаушы елдер ұйымынан шығады
- Дәрігерлер әйелден салмағы алты келіден асатын ісікті алды
- Баян Алагөзова Меруерт Өтекешоваға өмір бойына ай сайын 1 миллион теңге зейнетақы береді
- Алматыда орталық қалалық ауруханаға 2,5 млн теңге айыппұл салынды
- Астанадағы мектепте төбелескен оқушылар арнайы оқу орнына жіберілуі мүмкін
- Тоқаев Израиль президентіне Alem.ai орталығын көрсетті
- «Қазақстан — ортақ үйіміз»: Астанада 2000 оқушы «Алтын ұя» күйін тартты
- Астанада мәслихат шешімі күшіне еніп, көліктерді ақылы эвкуациялау басталды
- Желіде домбыраны «харам» деген ер адамға қылмыстық іс қозғалды
- Министр тарап кеткен жеке деректерге қатысты пікір білдірді
- Индонезияда екі пойыз соқтығысып 14 адам қаза тапты
- Лифтті тепкілеп, қызды баспен ұрған «батыр» ұсталды