Депутат Азат Перуашев халық Тоқаевты қолдау керектігіне сенімді
«Ақжол» партиясының төрағасы, мәжіліс депутаты Азат Перуашев президент Қасым-Жомарт Тоқаевты қолдайтынын мәлімдеді. Оның айтуынша, Тоқаев елдегі жағдайды жалғыз өзі қалыпқа келтіріп жатыр.
Сондай-ақ, Қасқа жол бағдарламасына берген сұхбатында депутат экс-президент Назарбаевтың халық алдына шықпауына қатысты өз ойымен бөлісті.
Перуашев қазір тағайындалып жатқан министрлер Тоқаевпен кезінде бірге істеген, өзі жақсы танитын адамдар екенін алға тартты.
«Ендігі үкіметті Тоқаевтың үкіметі деп айтуға болады» деді депутат.
Ол сондай-ақ, төңкеріс кезінде халық Назарбаевтың үндеуін күткені туралы да сөз қозғады.
«Бәріміз Елбасы халық алдына шығып үндеу жасай ма деп күттік. Ондай болған жоқ. Әрі қарай не боларын көрейік.
Ол кісі барша міндетін тапсырды. Тіпті қауіпсіздік кеңесінің төрағалығын тапсырды. Әрі қарай ол – қатардағы зейнеткер. Мемлекеттің ішінде оның құзыреттері қалмады. Әрі қарай тек осы президентпен жұмыс істеуіміз керек» деді Перуашев.
Депутат Елбасын құрметтегенімен, енді Тоқаевты қолдайтынын мәлімдеді.
«Біз оны қолдауымыз керек. Себебі төңкеріс әрекетіне қарсы тұрған тек Тоқаевтың өзі» деп түсіндірді депутат.
Жаңалықтар
- «40 адамның қызметін енді компьютер атқарады»: Алматы метросында мамандар жұмысынан айырылуы мүмкін
- Журналистер одағы 2026 жылға арналған сыйлық пен марапат лауреаттарын жариялады
- Шілде айынан бастап Қазақстанда әскерге шақыру цифрландырылады
- Ресейдегі газ өңдеу зауытына жасалған шабуыл Қарашығанақ газына қатысты мәселені қайта көтерді
- Сhildfree идеологиясына қарсы пәтуа: «Кедейлік – бала тумай қоюға себеп емес»
- CNN: АҚШ-тың Ұлттық барлау жүйесінде жаппай жұмыстан босату жүріп жатыр
- Алматының Райымбек даңғылындағы BRT жобасының орнына SkyTrain жүйесі іске қосылады
- Алматылық полицейді өлтіріп, денесін өртеп жіберген: Іс бойынша әйелі мен ұлы ұсталды
- Қарт әкесін сабап, оны видеоға түсіріп таратқан «батыр бала» бес тәулікке қамалды
- Ербаянның өлімі: Тапаншаға ұмтылған полицейдің әрекетіне құқықтық баға беріледі
- Ербаян Мұхтардың әкесі жалған ақпаратқа сенбеуге шақырды: Отбасы мәйітхана алдында жүр
- Түркістан облысында күре жолдың бетон жабындысы көтеріліп кетті. Аптап ыстық себеп пе?
- Ербаянның қазасына қатысты ДСМ мәлімет берді: Науқастың жағдайы өзгермеді
- Қырғызстан мен Өзбекстан мемлекеттік шекараны демаркациялауды әлі де жалғастыруда
- Қазақстан мен Еуропалық одақ 12 миллиард долларлық келісім дайындап жатыр
- Тоқаев ЕО дөңгелек үстелінде: Біз білімге негізделген экономика қалыптастыруға ұмтыламыз
- 150 млн еуро инвестиция: Тоқаев пен ЕО басшылары жаңа келісімдерге келді
- Ербаян Мұхтар қайтыс болды
- Тоқаев: Бельгия — Қазақстанның Еуропалық Одақтағы басты серіктестерінің бірі
- 102 адам мейрамханадағы астан уланды: Сот қылмыстық іс қозғады