Депутат қаңтарда шетелге жасалған аударымдар туралы мәліметтерді жария етуді ұсынып отыр
Фото: ашық дереккөзден
Мәжіліс депутаты Мақсат Раманқұлов Қаржы мониторингі агенттігінен қаңтардағы қайғылы оқиға кезінде Қазақстаннан шетелге ірі көлемде қаржы аударылғаны туралы ақпаратты жария етуді сұрады.
Тиісті сауалмен Мәжіліс депутаты Қаржы мониторингі агенттігінің төрағасына жүгінді.
Оның айтуынша, депутаттар он жыл бойы «Панама тізімі», «Парадис досье» сияқты Швейцария банктеріндегі қазақстандық есепшоттарға қатысты бірнеше рет сұрақтар қойған.
«Tax Justice Network халықаралық ұйымының мәліметі бойынша, соңғы 25 жылда Қазақстаннан шетелдік оффшорларға шамамен 140-160 млрд доллар шығарылды. Бұл бүкіл елдің жылдық ішкі жалпы өнімі мен оның сыртқы қарызына тең. Қазақстанның құқық қорғау органдары соңғы бес жылда шетелге капиталды заңсыз шығару фактілері бойынша 200-ден астам іс қозғалған. Алайда бұл жұмыстың қомақты соманы қайтару түріндегі нақты нәтижелері туралы ештеңе белгісіз» деді Раманқұлов Мәжіліс отырысында.
Оның айтуынша, қоғам қасіретті қаңтар кезінде ашық және жасырын олигархтардың Қазақстаннан жеке ұшақтарымен кетіп қана қоймай, қыруар қаржыны шетелдегі есепшоттарға шұғыл түрде аударып алғанын талқылап жатыр.
«Осыған байланысты «Ақ жол» ҚДП фракциясы Қаржы мониторингі агенттігінен:
- агенттік құрылғаннан бері Қазақстан экономикасына оффшорлық аймақтардан нақты қанша қаражат қайтарылғаны туралы ақпарат беруді;
- қаңтар оқиғасы кезінде Қазақстаннан шет елдерге ірі ақша аударымдары, сондай-ақ мұндай операцияларды жөнелтушілер, жеке және заңды тұлғалар, сондай-ақ сомалар алынған шетелдік шоттардың иелері туралы ақпарат беруді сұрайды» деді депутат.
Раманқұлов ел үшін қиын сәтте өмірін Қазақстанмен байланыстырмағандар көлеңкелі капиталды алып кетті деген болжам айтты.
«Біз оларға қалаған жерінде тұруға мүмкіндік беруіміз керек. Бірақ олардың ақшасы халықтан ұрланған болса, олар қайтарылып, біздің елде жұмыс істеуі керек. Сондықтан мұндай күмәнді операциялар орын алған жағдайда салық органдарынан растауды сұраймыз» деп қорытындылады Мәжіліс депутаты.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық