Әдеп жөніндегі кеңес Сағынтаевты, Әйтеновті, Бозымбаевты жазаға тарта ма?
Коллаж Orda.kz
Мемлекеттік қызмет істері агенттігі қанды қаңтар оқиғасы кезінде қазақстандықтардың сынына ұшыраған Алматы, Шымкент қалалары мен Алматы облысы әкімдерінің әрекетіне неліктен баға бере алмағанын түсіндірді.
Алдымен Қазақстан халқы әкімдерді неге сынағанына қысқаша тоқталсақ.
5 қаңтар Алматы облысының әкімі Қанат Бозымбаев митингке қатысушылармен әңгімесінде халықты тыныштандыру мақсатында «Тыңда, епт!» деген әдепсіз сөз сөйлеп, наразылық танытқандардың наразылығын өршітті. Сонымен бірге, кейбіреулер бұл сөзден кейін халық, керісінше, сабырға келіп, шенеунікті мұқият тыңдай бастағанын айтып жатты. Кейін әкім тіпті жиналғандардан кешірім сұрағандай көрінеді. Бірақ бұл сәт интернет ресурстары мен мессенджерлерде тез тарап кеткен видеоға түспей қалған.
Осы ретте қазақстандықтар Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев пен Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтеновтің отставкаға кетуін талап етіп, желіде петиция бастады. Екі қаланың тұрғындары әкімдердің «ең қиын күндері қоғамдық алаңнан жоғалып кеткеніне» наразы.
«Әкім өміріндегі ең маңызды сынақтан өте алмады – ол қала үшін қиын күндерде қала тұрғындарына моральдық та, физикалық жағынан да қолдау көрсетпеді. Ол алматылықтарға үндеу жасап эфирге шыққан жоқ. Біз оны 8 қаңтарға дейін қоғамдық алаңда көрмедік. Ол өте кеш қозғалды. Мұндай жағдайда кешігуге болмайды» делінген Сағынтаевтың отставкаға кетуі туралы петицияда.
«Әйтенов мырза дүрбелең мен толқудағы сынақтан өте алмады. Шымкент үшін ең қиын күндерде қала әкімі қоғамдық алаңнан із-түзсіз жоғалып кетті... Бүгін ол лаңкестерге ерлікпен қарсылық танытқаны туралы айтып жатыр, бірақ оған сенім жоқ» деп жазды Шымкент әкімін отставкаға жіберу туралы петиция авторлары.
Әдеп кодексіне сәйкес, мемлекеттік қызметшілер өз әрекеттерімен мемлекеттік қызметтің беделіне нұқсан келтірмеуі, пікірталастарды дұрыс нысанда жүргізуі қажет еді.
Әдеп жөніндегі кеңестің жауабы
Orda.kz редакциясы Мемлекеттік қызмет істері агенттігіне сауал жолдап, оған жауап сұрады:
Қанат Бозымбаевтың әрекетін мемлекеттік қызметшілердің этикалық кодексін бұзу деп бағалауға бола ма? Олай болса, агенттік әкімге қандай шара қолданады?
Сағынтаев пен Әйтеновтің әрекетін этикалық кодекстің бұзылуы деп бағалауға бола ма, оған сәйкес мемлекеттік қызметшілер халық бірлігін нығайтуға үлес қосуға, сондай-ақ өз мінез-құлқын білдірмеуге міндетті.
Әдеп жөніндегі кеңесте облыстардың әкімшілік орталығы болып табылатын қалалардың, облыстық маңызы бар қалалардың, облыс аудандарының және қалалардағы аудандардың әкімдеріне қатысты «қызметтік әдеп нормаларын бұзған, оның ішінде мемлекеттік қызметтің беделін түсіретін теріс қылық көрсеткен» деп жауап берді.
Бірақ кеңес саяси мемлекеттік қызметшілерге қатысты істерді қарамайды.
«Әдеп жөніндегі кеңестердің өкілеттіктеріне Алматы, Шымкент қалаларының және Алматы облысының әкімдері болып табылатын мемлекеттік саяси қызметшілерге қатысты тәртіптік істерді қарау, сондай-ақ олардың іс-әрекеттеріне баға беру кірмейді» деді Мемлекеттік қызмет саласындағы бақылау департаментінің директоры Е.Сапаров.
Еске салсақ, 2 қаңтарда Маңғыстау облысында наразылық толқыны басталып, кейін ол басқа аймақтарға тарап, тәртіпсіздікке ұласқан болатын.
Жаңалықтар
- Әділет Жауғашар «Сүй иә» әнінің сөзін өзгертті
- «13 млн теңге несие ал!» Алаяқтардың айтқанын орындап, полицияға да, ұлына да сенбеген
- Байзақ ауданында полиция басшысының экс-орынбасары пара алған
- Құрылтайда сегіз тұрақты комитет құрылып, төрағалары сайланды
- Құрылтай төрағасының орынбасарлары сайланды
- Құрылтай төрағасы болып Айбек Дәдебай сайланды
- Алматыда ұшақ өртенді
- Маңғыстауда жасөспірім қызды бірнеше адам жабылып ұрып-соққан
- «QARMET» АҚ-ға 1,5 млрд теңге залал келтірген ҰҚТ-ның 13 қатысушысы сотталды
- Тоқаев: Қыркүйектің екінші жартысында Халық Кеңесі жасақталады
- Тоқаев Құрылтай спикері қызметіне Айбек Дәдебайды ұсынды
- Тоқаев 16 жасқа толмағандардың әлеуметтік желіге тіркелуіне тыйым салуды қолдады
- Тоқаев Құрылтайдың басты міндеттерін атады
- Әлемде жаңа тәртіп қалыптасып жатыр. Ол кереғар сипатқа ие - Тоқаев
- Президент: Өткен қайғы-қасіретті ұлттық болмысымыздың арқауы етуге болмайды
- Мемлекеттердің, әсіресе ірі елдердің арасындағы сенімге селкеу түсті — Тоқаев
- Тоқаев: Сайлау ашық әрі әділ өтті, өте жоғары деңгейде ұйымдастырылды
- Тоқаев үкіметті таратты
- Алматыда клубтан шыққан қыздың шашынан сүйреп, аяусыз соққыға жыққан
- Тойдан кейін төрт адамға оқ атылған: Жамбылда бес тұрғын 17 жылға сотталды