Денсаулық сақтау министрлігінің жұмысына депутаттар наразы болды
Фото: Бақытжан Базарбектің әлеуметтік желілерінен
МӘМС пен денсаулық сақтау министрлігінің жұмысына депутат Бақытжан Базарбек наразы болды, деп хабарлайды Orda.kz.
Мәжіліс отырысында депутат Бақытжан Базарбек МӘМС жұмысына қатысты елеулі заң бұзушылықтар барын мәлімдеді. Оның айтуынша, қор қаржылық есепті дұрыс жүргізбейді.
«Сол себепті жалған есеп, түрлі бұзушылықтар мен қаржы жымқыру фактілері болады. Бұл менің емес, Жоғарғы аудиторлық палатаның қорытындысы», — деді Базарбек.
Сондай-ақ ол Денсаулық сақтау министрлігінің сыбайлас жемқорлық пен қызмет бабын асыра пайдалану фактілеріне жол ашатын бұйрықтарын сынға алды. Әсіресе №321 бұйрықты атап өтті.
Министр Ақмарал Әлназарова болса жүйелі проблемалардың барын мойындады. Депутат бұл бұйрықтың күшін жою жоспарланбағанын, алайда 1 шілдеге дейін сол құжатқа бірқатар өзгеріс енгізілетінін атап өтті.
Сонымен қатар Базарбек жеке медициналық ұйымдарда да заңбұзушылықтар бар екенін айтты.
«Мендегі мәліметке сәйкес, бірде-бір ұйымнан лицензия алынбаған. Тек айыппұлмен шектелді. Бұл, жұмсартып айтқанда, жай ғана «аяп қойғандай» әсер қалдырды», — деді депутат.
Оның бұл сынына жауап ретінде министр Әлназарова нақты мәселелерді отырыстан кейін жеке талқылауды ұсынды.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық