Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушы тағайындалды
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Денсаулық сақтау министрі міндетін атқарушы қызметіне вице-министр Жандос Бүркітбаевты тағайындады.
Бұған дейін Мемлекет басшысының жарлығымен Алексей Цой денсаулық сақтау министрі қызметінен босатылған болатын. Баспасөз қызметінің мәліметінше, ол басқа қызметке ауысуына байланысты өз еркімен кеткен.
Жандос Бүркітбаев 1971 жылы Жамбыл облысында дүниеге келген.

Асфендияров атындағы Алматы ұлттық медицина университетін, Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетін, Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік медицина академиясын, Қазақстан медицина университетінің денсаулық сақтау жоғары мектебін және «Тұран-Астана» университетін бітірген.
Еңбек жолын 1996 жылы Алматы қалалық жедел медициналық жәрдем клиникалық ауруханасында дәрігер-терапевт болып бастаған.
Әр жылдары Алматы қаласындағы Республикалық апаттар медицинасы орталығының дәрігері, Денсаулық сақтау министрлігінің бас маманы, бөлім басшысы, басқарма басшысы, ҚР Парламенті Мәжілісінің Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің қызметін қамтамасыз ету бөлімі меңгерушісінің орынбасары қызметтерін атқарған.
2008 жылы астанадағы «Қан орталығы» ШЖҚ МКҚК басқарды.
2011-2019 жылдары – Трансфузиология ғылыми-өндірістік орталығының директоры.
2019 жылғы 23 қаңтардан бастап «Ұлттық ғылыми онкологиялық орталық» ЖШС басқарма төрағасы қызметін атқарды.
2021 жылғы 22 қаңтарда Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министрі болып тағайындалды.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық