Денсаулық сақтау министрі ҒЗИ ұжымдарымен кездесті
Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой Алматыда Кардиология және ішкі аурулар ҒЗИ және онкология және радиология ҚазҒЗИ ұжымдарымен кездесу өткізіп, Алматы облысындағы «Антиген» зауытында болды.
Министр Кардиология және ішкі аурулар ғылыми-зерттеу институтында халықаралық сапа стандарттарына сәйкес жаңғыртылған рентгенэндоваскулярлық операциялық блок пен кардиохирургиялық операциялық бөлімшені қарап шықты. Мұнда ересектерге кардиохирургиялық операциялардың барлық түрі жасалады. Сонымен қатар Цой анестезиология, реанимация және қарқынды терапия бөлімінде болды.
Бұл туралы Orda.kz хабарлады.
Денсаулық сақтау министрлігінің басшысы ҒЗИ ұжымын медициналық ұйымда көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін ең беделді әрі объективті түрде мойындайтын JCI аккредитациясын алуымен құттықтады.
Сонымен қатар, министр Алматыдағы Қазақ онкология және радиология ғылыми-зерттеу институтына барып, ҚазОРҒЗИ базасында ашылған жаңа Томотерапия орталығымен танысты.
— Бұл орталық онкологиялық науқастарды емдеуге арналған. Бұл онкопациенттерді сәулелік емдеуді жетілдіруге мүмкіндік береді. Осы уақытқа дейін Қазақстанда тек бір ғана Томотерапия орталығы - Нұр-сұлтан қаласында болды, бұл біздің барлық пациенттеріміз үшін жеткіліксіз. ҚазОРҒЗИ-дағы жаңа Томотерапия орталығында еліміздің тұрғындарына жоғары технологиялық медициналық көмек тегін көрсетіледі, - деп атап өтті Цой.
Алматыдағы сапары аясында министр «Антиген» зауытының отандық вакцинасын шығару жөніндегі биологиялық қауіпсіздік проблемалары институтының жаңа өндірістік алаңын да көріп шықты.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық