Денсаулық сақтау министрі мүмкіндігі шектеулі жанға қызмет ұсынды
Фото: Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметі
Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният Шымкент қаласының тұрғыны, арбаға таңылған Алмас Өткіровке штаттан тыс кеңесші қызметін ұсынды.
Басқарма басшысы қала әкімдігінің мәжіліс залында жұртшылықпен және азаматтық сектор белсенділерімен кездесу өткізді. Қала тұрғындары мен қоғам белсенділері министрге қалалық емханаларға кейбір мамандардың қолжетімділігі, мүгедектік тағайындау, міндетті медициналық сақтандырудың жеңілдетілген санаттарын қамту, балаларды емдеу, дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету төңірегінде бірқатар өзекті сауалдар қойды.
Алмас Өткіров міндетті медициналық сақтандыру жүйесі аясында оңалту көмегінің қолжетімділігі мәселесін көтерді. Сондай-ақ, қала басшылығына мүгедектерге кедергісіз орта құруға қатысты бірқатар сауалдар қойды.
«Министр өтініш берген азаматтың диагнозы негізінде оңалту емінің мүмкіндігін қарастыру жөнінде жедел тапсырма берді. Сонымен қатар, жас жігіттің егжей-тегжейлі сөзін мұқият тыңдаған Ажар Ғиният оны Денсаулық сақтау министрінің мүгедектерге медициналық көмек көрсету жөніндегі штаттан тыс кеңесшісі қызметіне шақырды» деп хабарлады Денсаулық сақтау министрлігі.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық