«Денесін өртеп жіберді»: Оңтүстік Корея азаматына тұрмысқа шыққан қазақстандық көз жұмды
Фото: freepik.com
Оңтүстік Кореяда бір азаматтың өз әйелінің денесін өртеп жібергені белгілі болды. Кейін бұл әйелдің Қазақстан азаматы екені анықталды, деп хабарлайды Orda.kz.
Оңтүстік Кореяның Киме қаласында 43 жастағы Қазақстан азаматы 25 мамыр күні таңғы сағат 3 шамасында өз үйінің маңындағы саябақта асылған күйінде табылған. Бұл туралы Серік Ахметжанов есімді азамат әлеуметтік желілерде бейнежазба жариялады.
«Марқұм әйел 2017 жылы Кореяға көшіп келіп, корей ұлтының өкіліне тұрмысқа шыққан. Ерлі-зайыпты заңды некеде болған. Бірақ балалары жоқ. Әйелге F-6 санатындағы (неке арқылы берілетін) виза рәсімделген», – деді Самат Ахметжанов.
Марқұмның денесін таңғы сағат 5-тер шамасында сол маңда жүрген азамат байқап, дереу құқық қорғау органдарына хабарлаған. Полиция мәліметінше, әйелдің денесінде зорлық-зомбылық белгілері болмаған.
«Марқұм әйел мұсылман болған. Күйеуі мұсылмандардың мүрдесін өртеуге болмайтынын біле тұра, кремация жасаған (өртеген). Яғни, отандасымызды жағып жіберген. Бұл жағдай марқұмның туыстары мен қазақ қоғамының наразылығын тудырып отыр», – деді Ахметжанов.
Марқұмның денесін Отанына әкелу мәселесі бойынша барлық құжаттарды елшілік әзірлеуге дайын. Елшілік марқұм әйелді бірнеше рет елшілікке шақырған. Ал күйеуі қарсылық танытқан көрінеді.
«Күйеуі осы аптаның соңына дейін, елшілікке келіп әйелінің қайтыс болуы туралы құжатын рәсімдемесе, оның күлін елге жібермесе, оған мәжбүрлі түрде полиция арқылы хат жолданбақ» – деді Самат Ахметжанов.
Полиция бұл оқиғаға қатысты тергеуді толық аяқтағанын хабарлады.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық