Денесі екі күннен соң су бетіне қалқып шықты
Фото: Pexels
Атырау қаласында екі жасөспірім суға батып мерт болды. Екінші баланың денесі 2 күннен кейін табылды.
Бұл туралы Атырау облысы Төтенше жағдайлар департаменті хабарлады.
Қайғылы оқиға 20 шілдеде Атырауда болды. 14 және 13 жастағы екі бала жабдықталмаған жерде суға түсіп, батып кеткен. Құтқарушылар олардың бірінің денесін сол күні кешке тапты.
«2024 жылғы 22 шілдеде Атырау қаласы, сағат 07:50-де Жайық өзенінің су бетінен оқиға орнынан 5-6 шақырым жерде туыстары 2010 жылы туылған баланың мәйітін тапты. Мәйітті Төтенше жағдайлар қызметінің құтқарушылары судан шығарды» деп хабарлады Атырау облысы Төтенше жағдайлар департаменті.
Баланың денесін 15 құтқарушы мен марқұмның туыстары екі күн бойы іздеді.
Төтенше жағдайлар департаменті өңірде орын алған қауіпті су тасқыны жағдайына байланысты Атырау облысында суға түсу маусымы әлі ашылмағанын еске салды.
Жаңалықтар
- Ормуз ашылды, бірақ қысым сақталады: Иран, Трамп және мұнай нарығы қалай өзгерді?
- Тоқаев БҰҰ-ды реформалау мәселесіне жауапкершілікпен қарау керегін айтты
- Министрлік Баян Алагөзованың «Қыз Жібек» фильміндегі киімге қатысты жариялаған жазбасына пікір білдірді
- АҚШ Сириядан өз әскерін толық шығарды
- Ақтөбе облысында 2 апта бұрын жоғалған 10 жастағы баланың денесі табылды
- Алматыда екі автобус соқтығысты, жарақат алғандар бар
- Әділет Алмат Азия чемпионы атанып, 4 жыл үзілістен кейін елге дзюдодан алтын әкелді
- Ливан Израиль бітімді бұзғанын мәлімдеді
- Аида Балаева: Грант алу үшін ҰБТ-ны екінші рет тапсыру мүмкіндігі болмайды
- Бірден 22 жол апаты: Қазақстандықтар жүргізуші куәлігін алу емтиханын қалай тапсырып жүр?
- Тоқаев дипломатиялық форумға қатысу үшін Анталиядағы NEST конгресс орталығына келді
- Кәсіпкерді сан соқтырған: 10 жылдан аса іздеуде жүрген ер адам Германиядан экстрадицияланды
- Сұлулық жауһары: Шолпының қандай түрлері бар?
- Бішкекте жалаңаш ер адам балаларды қуалаған
- Алматы облысында алаяқтың арбауына түскен әйел көмектеспек болған полицейлерден қашты
- Атырауда зираттан қару мен оқ-дәрілер табылды
- Құлжа күре жолында бірден бес көлік соқтығысты
- Индонезияда тікұшақ апаты: Борттағы барлық адам опат болды
- Семейде қосымша нәпақа табам деп жұмыс істеп жүрген студент қолынан айырылды
- Қарағанды облысында жол апатынан екі мотоцикл жүргізушісі қаза тапты