Демократияшыл Ақ үй сөзін сөйлемеген Associated Press-ке шектеу қойды
AP Photo / Patrick Semansky
Associated Press ақпарат агенттігінің журналистеріне Мексика шығанағын америкалық деп атаудан бас тартқанына байланысты Ақ үйдің сопақ кабинетіне кіруге рұқсат етілмеді, - деп хабарлайды Orda.kz DW басылымына сілтеме жасап.
Сонымен қатар, агенттік қызметкерлеріне президенттің баспасөзге сұхбат беретін Air Force One ұшағына мінулеріне де тыйым салынды.
«Олардың жауапсыз және адал емес хабарлау құқығы Бірінші түзетумен қорғалған», бірақ бұл оларға «шектеулі аймақтарға кедергісіз кіру» артықшылығын бермейді. Дегенмен бұл шектеу Ақ үй кешеніне баруға тыйым салынды дегенді білдірмейді», - деді Ақ үй штабы басшысының байланыс және қызметкерлер жөніндегі орынбасары Тейлор Будович.
Associated Press атқарушы редакторы Джули Пейс шектеулерді «миға қонбайды» деп атады және АҚШ президенті Дональд Трамптың әкімшілігін Конституцияны бұзды деп айыптады.
«Әлем бойынша жаңалық тарататын жаһандық ақпарат агенттігі ретінде Associated Press жер-су атаулары мен нысандардың барлық аудиторияға түсінікті әрі бұрыннан танымал атауларын қолданады», - деп түсіндірді агенттік редакторлары өз ұстанымдарын.
Бұған дейін Мексика шығанағының географиялық атауы Google Maps карта жасау қызметі арқылы Америка Құрама Штаттарындағы пайдаланушылар үшін америкалық болып өзгертілді. АҚШ Геологиялық қызметі барлық жердегі жазбаларда шығанақтың атауын ерінбей-жалықпай өзгертіп шықты.
Дональд Трамп президенттік қызметке кіріскеннен кейін бірден Америка Құрама Штаттары Мексика шығанағының атауын Америка шығанағы деп өзгерту туралы жариялады.
Бұған дейін АҚШ президентінің баспасөз хатшысы енді қандай БАҚ өкілдеріне Ақ үйде брифинг өткізуге рұқсат берілетінін жариялаған болатын.
Ол тізім бойынша Ақ үйдің ақ дегенін – алғыс, қара дегенін – қарғыс деп отырмайтын Associated Press сияқты еркін басылымдарға көп жерде жол жабылған.
Демократияшыл Ақ үйдің бұл шешімі әлемдік БАҚ-тарда қызу талқыланып жатыр.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық