«Демократиялық партия» белсенділері референдумда талап қойды

cover Фото: Азаттық

Бүгін, 5 маусым күні Қазақстан бойынша референдум басталды. Референдумда қазақстандықтар Конституциядағы түзетулердің болу не болмауына дауыс береді.

Азаттық мәліметінше, тіркелмеген «Демократиялық партия» белсенділері Аружан Дүйсебаева және Инга Иманбай Сәтбаев университетіндегі  референдум учаскесіне келіп, Жанболат Мамайды босатуды талап етті.

– Жүздеген қазақтың сұрауы жоқ па? Осы күнге дейін қаңтар тізімі жарияланған жоқ, қазақ қой емес. Тоқаевқа жазған екінші талабым, қаңтар тізімі жариялансын. Бүгін референдум өтеді. Демократияны бастаймыз. Бірақ демократиялық елде саяси тұтқындар болмайды. Саяси тұтқындарды босатсын, онсыз бүгінгі референдумның мәні жоқ, - деді белсенді Инга Иманбай.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар