Демалыс күндері Таяу Шығыста не болды: Ирандағы соғыс, мұнай бағасының шарықтауы
Сурет ЖИ көмегімен жасалған
Демалыс күндері халықаралық саясаттағы негізгі тақырып Иран төңірегіндегі шиеленіс болды. АҚШ, Израиль және Иран арасындағы қақтығыс күшейіп, бұл әлемдік мұнай нарығына да, халықаралық саясатқа да бірден әсер етті. Orda.kz тілшісі шолу жасады.
Мұнай бағасы күрт өсті
Соғыс салдарынан әлемдік мұнай нарығы қатты құбылды. Brent маркалы мұнайдың бағасы барреліне 119,5 долларға дейін көтерілді. Бұл – 2022 жылдан бергі ең жоғары көрсеткіш. Rapidan Energy Group дерегінше, Иранмен байланысты соғыс әлемдік мұнай жеткізілімін шамамен 20% қысқартқан. Сарапшылар мұндай көлемдегі бұзылыс бұрын тек 1956 жылғы Суэц дағдарысы кезінде болғанын айтады.
АҚШ президенті Дональд Трамп мұнайдың қымбаттауын «қауіпсіздік үшін төленетін шағын баға» деп атады.
«Мұны басқаша ойлайтындар — ақымақтар ғана» деп жазды ол Truth Social желісінде.
Сонымен қатар Трамп мұнай бағасын тұрақтандыру үшін «жоспары барын» айтып, бірақ оның егжей-тегжейін жарияламады. Сарапшылар бұл АҚШ-тың стратегиялық мұнай қорын пайдалануға қатысты болуы мүмкін екенін айтады.
G7 төтенше мұнай қорын пайдалануды талқылайды
Мұнай бағасының күрт өсуіне байланысты G7 елдерінің қаржы министрлері төтенше энергетикалық қорларды пайдалану мүмкіндігін талқыламақ. Financial Times мәліметінше, АҚШ пен тағы екі мемлекет 300–400 млн баррель мұнайды нарыққа шығаруды қолдап отыр. Бұл Халықаралық энергетикалық агенттік қорларының шамамен 25–30%-ына тең.
Израильдің мұнай нысандарына соққысы АҚШ-ты алаңдатты
Axios дерегінше, америкалық шенеуніктер Израильдің Ирандағы мұнай инфрақұрылымына жасаған соққыларына таң қалған. Басылым дереккөздерінің айтуынша, Вашингтондағы кейбір саясаткерлер бұл шешімді дұрыс емес деп санайды, өйткені мұнай қоймаларының өртенген видеолары энергетикалық нарықта дүрбелең тудыруы мүмкін.
Сенатор Линдси Грэм Израильді нысандарды таңдауда абай болуға шақырды.
Иран соғысты тоқтатуға асықпайтынын айтты
Иранның Ислам революциясы сақшылар корпусы (КСИР) өкілдері соғыс қашан аяқталатынын Иран армиясының өзі шешетінін мәлімдеді. Сонымен қатар Тегеран егер шабуылдар жалғаса берсе, аймақтан бір тамшы да мұнай экспортталмайтынын ескертті.
Ал ИРСК-дің әуе-ғарыш күштерінің қолбасшысы Маджид Мусави болашақта Иран тек бір тоннадан ауыр оқтұмсықтары бар зымырандарды қолдануы мүмкін екенін айтты.
Осы уақытта Тегеранда жаңа жоғарғы көшбасшы Моджтаба Хаменеиға адалдық анты қабылданды. Салтанатты шара Энгелаб алаңында өтті. Ирандық БАҚ-тың хабарлауынша, алаңға мыңдаған адам жиналып, «Америкаға өлім!» және «Израильге өлім!» деген ұрандар айтқан. АҚШ президенті Дональд Трамп бұл сайлауға көңілі толмайтынын айтты.
Испания АҚШ операциясын сынға алды
Испания вице-премьері Йоланда Диас АҚШ-тың Ирандағы әскери операциясын «жабайылық» деп атап, Еурокомиссияны халықаралық құқықты қорғауға шақырды. Оның айтуынша, бұл соғыс БҰҰ жарғысын бұзады.
Трамп: Соғыс жақында аяқталуы мүмкін
Флоридадағы баспасөз конференциясында Трамп Ирандағы соғыс жақын арада аяқталуы мүмкін, бірақ осы аптада емес екенін айтты.
Сондай-ақ ол Ресей президенті Владимир Путинмен телефон арқылы сөйлескенін растады. Трамптың айтуынша, Путин Иран мәселесін реттеуге көмектескісі келген, алайда әңгіме негізінен Украинадағы соғыс туралы болған.
Иран футболшыларына қатысты жағдай
Демалыс күндері тағы бір назар аудартқан оқиға — Иран әйелдер футбол құрамасы. Иран әйелдер футбол құрамасының ойыншылары Оңтүстік Кореяға қарсы матч алдында мемлекеттік гимнді айтудан бас тартты. Неге бұлай жасағанын ресми түрде түсіндірмеген, бірақ бұл әрекетті билік те, қоғам да бірден саяси ишара ретінде қабылдады. Қазір олардың өз елінде «соғыс кезіндегі сатқындар» деп ашық айыптап жатқандар бар. Ойыннан кейін команданың автобусының маңына жиналған жанкүйерлер «қыздарымызды құтқарыңдар!» деп айқайлаған.
Жағдай ушығып кеткен соң бұл мәселеге АҚШ-тың бұрынғы президенті Дональд Трамп та араласқан. Ол Австралияның премьер-министріне телефон шалып, футболшылардың тағдырын талқылаған.
Нәтижесінде бес ойыншыға Аустралиядан баспана берілді. Ал қалғандары әзірге нақты шешім қабылдай алмай отыр. Себебі олардың отбасылары Иранда қалған, ал қыздарының әрекеті үшін туыстарына қысым мен қорқыту сөздері айтылып жатыр.
Оқи отырыңыз:
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық