Delta Bank-тің бұрынғы топ-менеджерлері қамауға алынды
Delta Bank-тің бұрынғы топ-менеджерлері ұсталды. Бұл ақпаратты Қаржылық мониторинг агенттігі растады.
Банк директорлар кеңесінің төрағасы Галина Шалғымбаева, басқарма төрағасы Нұрлан Самзаев мен басқарма мүшесі Кенжегүл Қанатбаева тұтқындалды.
«Аталған азаматтардың ұсталғанын растаймыз. Тергеу ережелеріне сәйкес бұл іске қатысты басқа ешқандай ақпарат жарияланбайды», - деп хабарлады Қаржылық мониторинг агенттігінің баспасөз қызметі.
Естеріңізде болса, бұған дейін Қазақстан депозиттерді кепілдендіру қоры «Delta Bank» АҚ салымшыларына төлем төлеу уақытын 2021 жылдың 23 мамырына дейін созған. «ЦентрКредитБанкі» АҚ тиісті келісімшартқа қол қойды.
Ендігі жерде көрсетілген мерзім ішінде «Delta Bank» АҚ салымшылары агент банк арқылы, кепілдік берілген өтемді өндіру жөніндегі өтінішті тікелей немесе сенім білдірілген тұлға арқылы бере алады.
Жаңалықтар
- Қазақстанда миллион теңгеден асатын жалақыны кімдер алады?
- Еліміздің ірі үш қаласында ауа температурасы +48 градусқа дейін ысиды
- Президент тапсырмасы: «Алматы – Қаскелең» жолы сегіз жолаққа дейін кеңейтіледі
- Екі аптада 33 мың жедел жәрдем: Алматылықтар аптап ыстықпен қалай күреседі?
- Стамбұл соты Биньямин Нетаньяхуды қамауға алуға халықаралық ордер шығарды
- Ақтөбеде кісі өлтіріп, денесін қоқыс алаңына тастаған адам 14 жылға сотталды
- Бюджетке 730 миллиард теңге салық неге түспеген?
- Құрылтай сайлауына жеті партиядан кандидаттар тізімі қабылданды
- Тоқаев заңға қол қойды: Суррогат ана қызметі мен мәслихатта не өзгерді?
- Стамбұлдағы адам өлімі: Үш елде арнайы операция өтті
- СҚО-да жантүршігерлік жол апатынан сегіз адам зардап шекті, оның алтауы бала
- Трамп Ормуз бұғазындағы кемелерге ақы енгізу ұсынысынан айнып қалды
- Құрылтай сайлауын ұйымдастыруға 34,3 млрд теңге бөлінді
- Жамбыл облысында аурухана қызметкерлері кәріз құдығына түсіп, екі адам қаза тапты
- Қырғызстан мұнай мен мұнай өнімдерін елден шығаруға уақытша тыйым салды
- Заңгер әрі блогер Әділетхан Молдахан 2 жыл 6 айға бас бостандығынан айырылды
- Атырауда қайын жұртын қырып салған күйеу бала өмір бойына бас бостандығынан айырылды
- Абай облысында пышақталған қыздың мәйіті табылды
- МӘМС-пен тегін жасалатын ота үшін 8 млн теңге алған хирургтің ісі сотқа жолданды
- Астана маңындағы демалыс базасында ер адам өлім аузынан қалды