Даулы жердің үш түрлі бағасы: шаруа қорытындымен келіспейді
Суретте Сальвар Таиров. Фото: Orda.kz / Исламбек Дастан
Жамбыл облысы бойынша сот сараптамалары институтының сарапшылары тарапынан олқылықтар шықты. Бір жер учаскесіне екі түрлі баға қойған сарапшылардың әрекетіне шаруа наразылығын білдіруде.
Әкімдікпен соттасып, биліктің әрекетіне наразылығын білдіріп жатқан, жерімен нәпақасын тауып жүрген шаруа Сальвар Таиров Orda.kz тілшісіне келеңсіз жағдай туралы айтып берді.
Не болды?
2007 жылы Жамбыл ауданы әкімдігі шаруа Сальвар Таировқа шаруа қожалығын жүргізуге арналған, жалпы ауданы 0,67 га жер учаскесін берген.
Алайда араға үш жыл салып, артынша 2019 жылы шенділер жер телімін мемлекет мұқтажы үшін мәжбүрлеп алып қою туралы хабарлама жіберген. 2020 жылы жерді сарапшылар 1 124 165 теңгеге бағалаған.
Шаруа 14 жыл бойы осы даулы жер телімін нысаналы мақсаты бойынша пайдаланып, сол арқылы күн көрген.
Ең қызығы тәуелсіз сарапшылар жер телімін мүлде басқаша бағалаған. Таиров мырзаның жері 14 225 330 теңге екені анықталды.
Бір ұйымның екі түрлі қорытындысы
Сарапшылардың қорытындысымен келіспеген шаруа Сальвар сотқа шағым түсірген. Енді Жамбыл облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының анықтамасымен сот құрылыс-тауартану сараптамасы тағайындалған. Оны Жамбыл облысы бойынша сот сараптамалары институты жүргізді.
Сараптама кезінде жердің расымен де 14 305 433 теңге екені расталды. Бірақ араға біраз уақыт салып, даулы жерге қатысы барлар түсініксіз әрекеттерге барған. Осылайша, тәуелсіз сараптама қорытындысына күмән келтірілді. Қайта қараған сот сарапшылары жерді 3 781 618 теңгеге бағаланған. Яғни, үш ай бұрын 14 млн болған жердің бағасы үш есеге арзандап кеткен.
Сот отырысы кезінде мемлекет ұсынған институттың сарапшылары не себепті екі түрлі қорытындыға келгенін түсіндіре алмаған.
Ал Сальвар Таиров «жерді мемлекет меншігіне қайтарудан бас тартпайтынын» алға тартты. Бастысы жердің құнын нарық бағасына сәйкес төлеп берсе болғаны.
Авторы: Исламбек Дастан, Жамбыл облысы
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық