Дәулет Тұрлыхановтың ұлына үкім шықты
Алматы әскери соты Мәжіліс депутаты Дәулет Тұрлыхановтың ұлына үкім шығарды.
Тұрлыхановтың алты баласының ішіндегі төртінші ұлы әрі кенжесі 20 жастағы Нұрасыл Болатқа айыппұл салынды. Оған алматылық заңгер ерлі-зайыптылар Олег Чернов пен Анна Дмитриевичті соққыға жыққаны үшін айып тағылуда.
Істің барлық материалдарын зерделеп, тараптарды тыңдай отырып, сот мынадай қорытындыға келді:
«Нұрасыл Болат Қылмыстық кодекстің 107-бабы 2-бөлігінің 1 және 5-тармақтарында көзделген қылмысты жасағаны үшін кінәлі деп танылып, бір миллион 700 мың теңге көлемінде айыппұл салынсын»,- деді судья Дихан Әлиасқаров.
Тұрлыхановтың ұлы да екі жәбірленушіге 500 мың теңге, адвокаттардың қызметі үшін 1,6 миллион теңге және мемлекеттік баж ретінде 10 мың теңге төлеуі тиіс. Сондай-ақ сот одан жәбірленушілердің өтемақы қорына 15 АЕК өндірді.
Естеріңізге сала кетейік, оқиға биылғы жылдың 11 ақпанына қараған түні Алматыда болған. Нұрасыл Болат ерлі-зайыпты адвокаттар Чернов пен Дмитриевичті қатты соққыға жыққан. Кейінірек Тұрлыхановтың ұлының әскерге шақырылған қатардағы жауынгер екені белгілі болды.
Бұл фактіні қалалық полиция департаменті Қылмыстық кодекстің 293-бабы «Бұзақылық» бойынша тіркеді.
Кейін белгілі болғандай, Нұрасыл Болат адвокат таяқ жеген жерде емес, Отардағы әскери борышын өтеп жатқан жерде болуы керек еді.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық