Дауға қалған Choco Family компаниясы қазір қазақы идеология үшін жұмыс істеп жүр
Фото: instagram / Рамиль Мухоряпов
Бұған дейін «орысша біле тұра, қазақша жауап беру» туралы пікір айтамын деп көпшіліктің талқысына түскен Choco Family компаниясының басшысы Рамиль Мухоряпов жақында ғана дәстүрлі әншілердің концертіне демеушілік жасады, деп хабарлайды Orda.kz.
«Алатау серілерінің» Солтүстікте өткізген концертіне демеушілік жасаған Choco Family қазіргі кезде «Жалғыз жолаушы» атты Youtube арнаға да демеуші болып отыр.
Бұл жайлы Солтүстікке қазақтарды көшіріп жүрген азамат Бурахан Дахан хабарлады. Ол жеме-жемге келгенде ел үшін көмек көрсетуде көбінің тайқып кететінін айтып сынады.
«Осыдан 10 күндей бұрын ақша таппай қатты қиналдым. Қатты қиналғаным сонша отыра қалып ұлығым келді. Естеріңізде болса, осыдан 20 күндей бұрын Алатау Серілері деген патриоттық керемет топты Қызылжарға шақырған едім ғой. Негізі оларды бір ағамызға сеніп шақырған едім, солармен сөйлесіп тұрған сәтте манағы ағама звондап жағдайды айтсам, шақыра бер бауырым, көтереміз деді. Алып ұшып, Алатау серілерімен сол жерде келісімге кеп күнін белгіледік. Сонымен не керек, уақыт өтіп жатыр.Түркістанда көш мәселесімен агитация жасап, арқамды кеңге сап жүрген сәт еді. Кенет телефоныма қоңырау түсті, ала қалсам кәсіпкер ағам, аяқ астынан бір мәселелері шығып қалғанын, ана топқа демеушілік ете алмайтынын айтты. Ести сала желім шығып, салым суға кетті бірден...», — деді Бурахан Дахан.
Ол осылай Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжарда Наурыз мерекесін де жасаймын деп, біраз кәсіпкерге барғанын, тауы шағылып, көлігін ломбардқа қойғанын да айтты.
«Нәтижесінде 17 қараша күні, Қызылжар қаласында Алатау серілерінің керемет коцерті өтеді. Кіру тегін, бұл концерт, «TaUEKEL» ұйымының Қызылжар халқына берген сыйы, тартуы болсын. Теріскей бізге аманат», — деді Бурахан Дахан.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық