Дауға қалған Атырау мұнай өңдеу зауытының экс-басшысы жаңа қызметке тағайындалды
ҚМГ баспасөз қызметі
Атырау мұнай өңдеу зауытының бұрынғы бас директоры Мұрат Досмұратов немқұрайлылық жасады деген айыппен сотталып, кейін толық ақталғаннан соң жаңа қызметке кірісті. Ол «ҚМГ Инжинириң» ЖШС-нің мұнай өңдеу және мұнай-химия жөніндегі басқарушы директоры болып тағайындалды, деп хабарлайды Orda.kz.
Мұрат Досмұратовтың жаңа қызметке келгенін мұнай-газ саласының сарапшысы Олег Червинский өзінің Telegram -арнасында жазды. Ол бұрынғы Атырау мұнай өңдеу зауыты (АМӨЗ) басшысының ақталғанын және қайтадан ҚМГ құрылымдарында еңбек етуге мүмкіндік алғанын атап өтті.
«Саладағы әріптестері Досмұратовты мол тәжірибесі бар, жоғары білікті маман ретінде сипаттайды. Ол – химия инженері, Губкин атындағы Мәскеу мұнай-химия және газ өнеркәсібі институтының түлегі, сонда кандидаттық диссертациясын қорғаған. Шымкент мұнай өңдеу зауытында қарапайым қондырғы операторы қызметінен бастап бас технологқа дейін көтерілді. Кейін ҚМГ, KPI Inc., Rominserv SRL, KLPE компанияларында еңбек етті», – деді Червинский.
Мұрат Досмұратов 2022 жылы Атырау МӨЗ-ін басқарды. Сол кезде зауытта үш ай бойы жылу алмастырғышқа қатысты мәселе шешілмей тұрған еді. Өндіруші компания кепілдік бойынша құрылғыны ауыстырудан бас тартқан. Осыған байланысты Досмұратовқа «қызметін тиісінше атқармады, жаңа жабдық алуға қаржы бөлді, соның кесірінен зауыт екі миллиард теңгеге жуық шығынға ұшырады» деген айып тағылды. Экс-директорды сот айыпты деп танығанымен, 2024 жылдың соңында Бас прокуратура істі қайта қарады.
2025 жылдың тамызында Атырау облыстық соты Досмұратов ісін қайта қарады. Бұл – қазақстандық соттарда сирек кездесетін жағдай болды. Аймақ прокуратурасы айыптаудан өз еркімен бас тартты. Соның нәтижесінде бұрынғы Атырау мұнай өңдеу зауытының басшысы толық ақталып, мемлекет негізсіз қылмыстық қудалау үшін ресми түрде кешірім сұрады.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық