Дарын Қонысбаев триатлоннан Азия чемпионы атанды
Қырғызстанның Шолпан-Ата қаласында триатлон спринттен Азия чемпионаты өтті. 60 спортшы қатысқан бәсекеде Қазақстан командасы мықты өнер көрсетті.
Бұл туралы Orda.kz Olympic.kz-ке сілтеп хабарлады.
Әйелдер арасынан қазақстандық Екатерина Шабалина күміс жүлдегер атанды. Ол олимиадалық қашықтық бойынша Азия чемпионатындағы үздік алтылық қатарында. Біріншіліктің алтын және қола жүлдесін жапондық Сарика Накаяма мен Чисато Накаджима иеленді.
— Жеңіс тұғырынан көрінгенім үшін қатты қуаныштымын. Бұл менің алғашқы жеңістерімнің бірі. Соңына дейін жұмыс істедім. Маған жол көрсеткен бапкерлеріме рахмет, - дейді Екатерина Шабалина.
Надежда Бекмағанбетова 4-ші, Юлия Озерова 8-ші орын алды.
Ерлер арасындағы бәсекеде екі қазақстандық спортшы тұғыр биігіне көтерілді. Команда үздігі Дарын Қонысбаев Азия чемпионы атанып, Аян Бейсенбаев қола жүлжеге ие болды.
Жапон Киотаро Йошикава күміс жүлдегер қатарында.
— Бұл менің Азия чемпионатындағы алғашқы жеңісім. Жарыс жоспар бойынша өтті. Жүзуден нәтижем жақсы болған жоқ. Дегенмен, веложарыс кезінде қарсыластарымды қуып жеттім. Ал жүгіру басталғанда өзімнің үздік үштікке енетінімді сездім. Шыны керек, басқа қарсыластарыма қарағанда маған жарыстың жеңіл өтіп жатқанын байқадым. Жеңісім үшін қуаныштымын, - дейді Дарын Қонысбаев.
Мейірлан Ысқақов 7, Темірлан Теміров 8-сатыда. 15 жасқа дейінгі спортшылар арасында қазақстандық Никита Дубинский алтын, Станислав Глок күміс, Тимур Бәкіров қола жүлде жеңіп алды.
Қыздар арасындағы сында қазақстандық Диана Ержанова топ жарып, Ангелина Редченко үздік үштікті түйіндеді.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық