Darkhan Juzz-дің туған күніне орай ұйымдастырылған іс-шара
фото: Instagram / d.juzz
Бүгін талантты әнші Darkhan Juzz-дің туған күні. Бүгін ол 34 жасқа толар еді.
СІМ өкілі Айбек Смадияров Дархан Жүнісбековтің 24 ақпанда Пхукет аралында алған мопедімен жол апатына түсу салдарынан қайтыс болғанын айтқан еді.
Darkhan Juzz (шын аты — Дархан Жүнісбеков) 1990 жылы 9 тамызда Алматы қаласында орналасқан Ақсай елдімекенінде дүниеге келген. Ол - рэп орындаушысы, ән авторы және дыбыстық продюсер. Әншінің шығармашылық мұрасына үңілсеңіз, классикалық траппен, акустикалық гитарамен және сезімтал лирикамен де кезігесіз. Дархан Жүнісбеков өзінің шығармашылығымен қазақ тілінің насихатталуын мақсат еткен болатын. Qazaq indie жанрында ән жазатын музыкант көпшілік қауымға «Sheker», «Erikpe», «Uide» сияқты әндерімен етене танымал.
Оның бұрынғы продюсері Азат Әбікен өзінің Instagram парақшасында елорда жағалауында «Darkhan Juzz орындығының» ашылатыны туралы хабарлады.
«12 тамызда елорданың жағалауында «Darkhan Juzz-дің орындығы» ашылады. Көпшіліктің жиналатынына сенімім мол. Біз көппіз. Бәріңізді күтеміз», — деді ол.
Жаңалықтар
- КХДР Жапон теңізі бағытына бірнеше баллистикалық зымыран ұшырды — БАҚ
- Украина Назарбаевқа арналған барельефті алып тастамайтын болды
- Қазақстан премьер-лигасы матчында «Қайрат» өз алаңында «Каспийді» жеңді
- Киев көшесінде өтіп бара жатқан адамдарға оқ жаудырған кісі алты адамды жер жастандырды
- Алматының әл-Фараби даңғылында көлік жарысы тоқтар емес
- Украина Ресейдің мұнай инфрақұрылымына ауқымды соққы жасады
- Сот Қашаған операторларының ірі көлемдегі айыппұлға қатысты апелляциясын қанағаттандырмады
- Иран Ормуз бұғазының қайта жабылғанын мәлімдеді
- Шымкентте ЖОО-ның 320 миллионын жымқырған сегіз адам сотталды
- Алаяқтар қасиетті сапарға да қол сұғып, 17 қажының ақшасын қалтаға басқан
- «Әскер барысы – 2026» турнирінің жеңімпазы анықталды
- Жолда қарсы келе жатқан екі жүк көлігінің арасынан саспай өткен ақтөбелік ғаламтор жұлдызына айналды
- Дропперлер қылмыстық жауапкершілікке тартылады
- Қазақстанда энергетикалық қауіпсіздік күшейтіліп, кемінде үш АЭС салынады
- Баян Алагөзова: «Қыз Жібектің» қамзолы 50 жыл ешкімге керек болмады
- Тоқаев Анталиядағы дипломатиялық форумда не айтты?
- Ормуз ашылды, бірақ қысым сақталады: Иран, Трамп және мұнай нарығы қалай өзгерді?
- Тоқаев БҰҰ-ды реформалау мәселесіне жауапкершілікпен қарау керегін айтты
- Министрлік Баян Алагөзованың «Қыз Жібек» фильміндегі киімге қатысты жариялаған жазбасына пікір білдірді
- АҚШ Сириядан өз әскерін толық шығарды